Алматы облысында екі ауылдың көшелерін су басты

Сайт әкімшілігі

23.05.2022, 08:44

999

Толассыз жаңбыр салдарынан Алматы облысының Кербұлақ ауданына қарасты Қоғалы ауылының үш көшесін су басты. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда жаңбыр тоқтап, су деңгейі төмендеген.

«22 мамыр күні сағат 17:30-да әлеуметтік желілерге шолу барысында Кербұлақ ауданындағы Қоғалы ауылының көшелерін су басып жатқаны анықталды. Бірақ төтенше жағдай қызметіне су басу жөнінде хабарлама түспеген. Анықталғандай, қатты жауын салдарында Панфилов, Жандосов, Тобаяқов көшелерінен және бір үйдің ауласынан су қатты ағынмен өткен. Үйлердің ішін баспады. Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, қатты жауын тоқтады. Судың мөлшері төмендеді», — делінген ТЖД хабарламасында.

Оқиғадан зардап шеккендер тіркелген жоқ. Қазіргі таңда ТЖД қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр.

Сонымен қатар Байғазы ауылында жауын-шашын салдарынан өзендегі су деңгейі көтеріліп, ауыл тұрғындарының бірнеше ауласы мен бақшасы су астында қалды.

«Өзен арнасынан шыққан су Абай көшесінің бойымен өтіп, Абай көшесінің бойындағы екі бақша мен тұрғын үйлердің аула аумағын жартылай су басқан. Құрбандар мен зардап шеккендер, сондай-ақ ғимараттардың қирау жағдайы тіркелген жоқ, жағдай тұрақты», — деді ведомство өкілдері.

Тегтер: су тасқыны сел төтенше жағдай қауіпсіздік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлия ТАУКЕНОВА 24.06.2022, 12:50
Мерғалиға ауылдың бір көшесін неге қимадық?
М.СӘУЛЕБЕК 23.06.2022, 16:40
Түркістан медицинасы үздіктердің қатарында аталды
М.СӘУЛЕБЕК 22.06.2022, 16:50
Мегаполис атанған Шымқалада не өзгерді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.06.2022, 11:00
Флораға жұтаң Қарағанды шөлейттегі шаhар ма?
М.ЖӘНІБЕКҰЛЫ 22.06.2022, 08:36
Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 21.06.2022, 11:40
«Билайн» балаларды неге соттайды?

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33