Алматы облысында Жолдау бойынша міндеттер сапалы жүзеге асуда

Бифат ЕЛТАЕВА

15.12.2020, 10:22

288

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы Жолдауында да денсаулық сақтау саласына айрықша тоқталып өткен болатын. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» Жолдауы жарияланғаннан бастап, Алматы облысының денсаулық саласының қызметкерлері бірауыздан жұмыла іске кіріскен-ді.

Мемлекет басшысының ең бірінші «Дəрігер мамандығын материалдық тұрғыдан да нығайта түсу маңызды болып отыр. Бюджетті таяудағы нақтылау кезінде екінші жартыжылдықта медицина қызметкерлерін ынталандыратын қосымша төлем үшін 150 миллиард теңге бөлуді тапсырамын» деген болатын. Осы орайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясы мен вирусты пневмониямен ауырған 6006 медицина қызметкерлеріне 2 миллион теңге өтемақы төленсе, індеттен қайтыс болған 182 дәрігерлердің туыстарына 10 млн теңге көлемінде өтемақы берілген болатын. Оның ішінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, «5362 маман 4,7 млрд теңге сомасында үстемақы алса, 137 миллион теңге көлемінде 1123 сыйақы берілген. Сондай-ақ, биылғы жылы 756 миллион теңге көлемінде медицина мамандары үшін 127 пәтер сатып алынған және жыл соңына дейін тағы 64 маманды баспанамен қамтамасыз етеміз. Келесі жылы Талдықорғанда 60 пәтерлі тұрғын үй салынатын болады» дейді. Бұл ақ халатты абзал жандардың еңбегінің елеңгені деп білеміз.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері шешілді, бірақ отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек. Барлық негізгі дәрі-дәрмектер мен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуге тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік  мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін. Тағы бір мәселе – медициналық инфрақұрылымды дамыту. Жыл соңына дейін еліміздің аймақтарында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі» деп айтып өткендей, Алматы облысында індеттің екінші толқынына дайындық жұмыстары ерекше бақылануда. Алматы облысында денсаулық саласында пандемиямен күрес шарасына жалпы 13,8 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы облыс әкімі  А.Баталов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында айтқан болатын. Сондай-ақ, биылғы жылы денсаулық сақтау саласына қатысты 17 нысан 12,9 млрд теңгеге салынды. Ал 3,0 млрд теңге 7 нысанның күрделі жөндеуіне бөлінгенін айта келе, екінші толқынға 8,8 млрд теңге қарастырылғаны да айтылған.

Жалпы айтсақ, Алматы облысының медицина саласы бойынша індетке жан-жақты қамданып отыр деп нақты айта аламыз. Себебі, жергілікті бюджет дәрі-дәрмекке де қаржы бөлуді ұмытпады. Яғни, 550 млн теңге бөлініп, қызу түсіретін препараттар мен вирусқа қарсы дәрілер, антибиотиктер жағынан толыққанды қамтылып отыр. Жеке қорғану құралдарын шығару ісі бойынша «Дольче», «СП «Абди Ибрахим Глобал Фарм», «Келун-Казфарм» ЖШС кәсіпорындары жұмыс жасаса, қорғану бетперделерін тігуге 5 тігін кәсіпорны бейімделіп, тәулігіне 250 мыңнан астам бетперде дайындалады. Ал тәулігіне 40 мың литрдан астам дезинфекциялаушы құралдар шығаруға 2 кәсіпорын дайындалған. Сондай-ақ  дәріханалар да сақадай сай дайын болып, дәрі-дәрмек толықтырудан бөлек дәріханалар медициналық қызмет көрсетуге лицензия алып, науқастарға ем-дом жасауды бастап кетті.

 Бұдан бөлек Елбасы Жолдауын назарға ала отырып, облыста короновирус инфекциясын анықтау мақсатында 10 зертхана жұмыс жасайды. Оның күші тәулігіне 6 мың зерттеу жасап, анықтай алады. Сонымен қатар келесі толқынға дайындық барысында тәулігіне 2 мың зерттеу жасайтын қосымша 4 зертхананы іске қосу жоспарға қойылған. Сол себепті, індеттің келесі толқынына алаңдауға еш негіз жоқ.

Коронавирусты емдеуге арналған 686 инфекциялық бағытта төсек дайындалған. Егер эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда төсек орны 5280-ге дейін ұлғайтылмақ. Бұл 5280 төсектің 45 45% кислородпен қамтамасыз етілетіндей жағдай жасалынған.

Жедел-жәрдем көліктеріне келетін болсақ, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, еліміздің шалғайдағы және қатынауы қиын өңірлерде тұратын ауыл халқына сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру тапсырмасын орындау мақсатында Алматы облыстық ұйымдарына 89 жедел жәрдем көліктері мен жылжымалы медициналық кешеннің кілттерін жуырда ғана облыс әкімі А.Баталов табыстаған болатын. Оның тоғызы – Облыстық жедел жәрдем және шұғыл медициналық көмек көрсету стансаларына, 10 шақтысы – Талдықорған қалалық емханасына, Талғар аудандық орталық ауруханасына 9 жедел жәрдем көлігі мен 1 жылжымалы медициналық кешен, Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасына 12 жедел жәрдем көлігі, Іле аудандық орталық ауруханасына 10 жедел жәрдем көлігі, Қарасай аудандық орталық ауруханасына 14 жедел жәрдем көлігі мен 1 жылжымалы медициналық кешен табысталса, қалған аудандарға 2 жедел жәрдем көлігі мен 1 жылжымалы кешеннің кілті табысталған болатын. Осындай жұмыстың нәтижесінде алдағы уақытта науқастар мен медицина саласының қиналмайтындығы барша халықты бір қуантып та тастады.

Медициналық сақтандыру жүйесіне келетін болсақ, МӘМС-нің де пандемия кезінде біраз пайдасы да тиді. Себебі, жұмысынан айырылған азаматтар МӘМС арқылы емделуге жеңілдіктер алған болатын.

Жалпы медициналық сақтандыру жүйесін МСҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев былай деп түсіндірді:

Қордың кезекті функцияларының бірі – пациенттердің құқығын қорғау. 2019 жылдың 1-қыркүйегінен бастап Қордың 1406 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылып, 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап тәулік бойы жұмыс істей бастаған болатын. Жалпы арыз-шағымдарды қарастырудың 3 деңгейлі үлгісі жасалынған. Осы орайда, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы іске қосылды. Пациенттер қосымшаның көмегімен өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша консультация алып, медициналық қызмет сапасына қатысты шағым қалдыра алады. Сондай-ақ медициналық сақтандыру халықтың қалтасынан денсаулыққа шығатын шығындарды қысқартуға бағытталға реформа. Алғашқы жылы жүйе осы мақсатқа қол жеткізді деуге болады. Мәселен, МӘМС іске қосылғалы бері бұрын азаматтар қалтасынан төлеп келген бағасы қымбат қызметтер қолжетімді бола бастады. Өткен 11 айда сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген КТ/МРТ, ПТР сынды т.б. қызметтер саны 2019 жылмен салыстырғанда 3 есе артты, – дейді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:20
ҰҚК есірткі жеткізуге қатысы бар деструктивті діни ағым жақтастарын ұстады
Сайт әкімшілігі 09:56
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Бифат ЕЛТАЕВА 09:28
Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
Сайт әкімшілігі 26.01.2021, 14:20
Қазақстан "қызыл" аймаққа енді
Сайт әкімшілігі 26.01.2021, 13:42
Тоқаев Цойға вакцинаға қатысты тапсырма берді
Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 12:31
"Спутник V"-ны қандай жағдайда сақтықпен қолдану керектігі айтылды

Аңдатпа


  • Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
    09:28
  • Озат ойдың айбыны
    26.01.2021, 11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    26.01.2021, 10:23
  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10