Алматы облысында жұмыс жүйелі, нәтиже жақсы

Бифат ЕЛТАЕВА

19.12.2020, 17:57

744

Мемлекет басшысының биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» Жолдауына сәйкес, әр аймақта жұмыстар жүйелі түрде іске асып жатыр. Соның ішінде Алматы облысында жұмыспен қамтуға байланысты жұмыстар жүйелу түрде іске асып келеді.

Яғни, Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» Жолдауында «Шағын жəне орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін, ал жұмыспен қамтылғандардың саны 4 миллион адамға дейін көбеюі керек. Бұл осы саланы дамытуға бағытталған жұмыстардың басты нəтижесі болмақ» деген болатын. Осыған орай, 1 қазанда Алматы облысы Іле ауданының Жұмыспен қамту орталығының директоры Рахимбаев Айбек Амангелдіұлының қатысуымен «QYZMET LIVE»  жобасы тікелей эфир арқылы ұйымдастырылған болатын. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екенін айқтқан болатын. Осыған байланысты, аталған тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына, жұмыспен қамтылуына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналатындығын ескере отырып, халықпен жұмыс жайында еркін тілдесе алды.

Және де Мемлекет басшысы «жалпы ішкі өнімнің абстрактілі өсімімен жұртты қуанта алмаймыз. Халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік керек» деп Жолдауда айтып кеткеніндей, Алматы облысы әкімдігі халықты азық-түлікпен қамти отырып, жұмыспен де қамтамасыз етіп отыр. Олай дейтіміз, Алматы облысындағы құс фабрикасы тоғыз айда 90 млн жұмыртқа өндірген. Сондай-ақ, Алматы облысы, Жамбыл ауданында орналасқан «Сұңқар» құс фабрикасы қысқа ғана мерзімде өнімін үш есеге ұлғайтты. Сегіз жыл бұрын ашылған құс фабрикасы карантин кезінде де жұмысын тоқтатпай, әрі өндірісте бірде бір адам қысқартылмай тұрақты жұмыс істеп тұрған ірі өндіріс саласы десек те болады. Фабрика ашылғанда, бастапқыда 55 адам жұмыс істесе, қазір жергілікті 100 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Барлығы жақын маңдағы ауыл тұрғындары. Бұл облыс үшін мақтанарлық жайт.

Сонымен қатар Сарқан ауданындағы «Ақбұлақ-Продукт» сүт зауыты 2008 жылы қайта жаңғыртылып, содан бері отандық нарықта табысты еңбек етіп келе жатқандарына 13 жыл болды. Алғашында тәулігіне  30 тоннадай шикізат өңдесе, қазір бұл көрсеткіш 80 тоннадан асып, сүт өнімдерінің 15 түрі шығарылады. Осы уақытқа дейін зауыт пастерленген табиғи сүт, шалап, құрт, сары май, қаймақ, айран мен ірімшіктің бірнеше түрін өндіреді. Зауытта жалпы 67 адам жұмыс істейді. Биылғы жылы мұнда 12 жас маман тұрақты жұмысқа тұрған. Орташа жалақылары 100 мың теңге шамасында болады.

Азық-түліктен бөлек, халыққа пайдалы болсын деп Тәуелсіздік мерекесіне орай, Алматы облысы Жамбыл ауданында перзентхана ашылды. Перзентханада бұрын 48 қызметкер жұмыс атқарған болса, қазір мамандардың саны 119-ға жеткен. Сондай-ақ, жұмысқа енді орналасқан жас мамандар тұрғын үймен де қаматамсыз етілген.  Бұл жас маман үшін үлкен жетістік десек те болады. Бір сәтте маман атана отырып, баспаналы болса, өзге де жас мамандардың сапалы жұмыс істеуіне ықпалын тигізеді. Облыс әкімі де жастардың арманын орындай отырып, алдағыуақыттағы жоспарымен де бөлісті.

–Жас мамандарды баспанамен қамту ісі тұрақты назарда болуы керек. Қажет  болса,  Ұзынағаштан арнайы жер бөліп, жас мамандар үшін тұрғын үйлер саламыз. Сосын  перзентханада  орнатылған әрбір жаңа медициналық аппараттармен жұмыс істеу машығын жетілдіру үшін медицина мамандарын біліктілігін көтеру курстарына, қажет болса шетелге де жіберіп үйретуіміз керек. 2021 жылға  осы бағытта  арнайы жоспар жасаңдар, қаржы бөлеміз, – деп облыс әкімі Амандық Баталов айтып өткен болатын.

Бұл нысанда қазіргі таңда жүкті жəне босанған əйелдерге, жаңа туған сəбилерге жоғары білікті медициналық көмек көрсетіліп, патологиялық жағдайларды диагностикалау, акушерлік-гинекологиялық кеңестер беру қызметтері көрсетіледі.

Сонымен қатар Алматы облысында «Жұмыспен қамту жол картасы» жобаларының 451-і әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бағдарламалар аясында Алматы облысында 56,2 мың жұмыс орны құрылды, соның 30,1 мыңы – тұрақты жұмыс орыны. Бұл ретте «Жұмыспен қамту жол картасы» өз тиімділігін көрсетті, осы бағдарлама шеңберінде құны 105,6 миллиард теңгелік, 20,9 мың жұмыс орнымен 1051 жоба іске асырылуда. Соның 1,8 мыңы тұрақты жұмыс болса, 10,5 мыңы Жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылған.

Облыс әкімі Амандық Баталов хабарлағандай, «Жұмыспен қамту жол картасы» жобаларының 451-і жобасы немесе 43% әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартуға, 237 жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен абаттандыру мәселелерін шешуге бағытталған. Осы орайда өңір басшысы:

— Біздің облыста үш ауысыммен оқыту мәселесі әлі де бар екенін білесіздер. Сондықтан «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде  9 мың орындық алты мектеп салып жатырмыз. Өңірде «Еңбек» бағдарламасы бойынша 33 мың жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылуда, бұл мақсатқа 15,7 миллиард теңге қарастырылған, – деген болатын. Соған орай жуырда ғана Жамбыл ауданы Қасымбек ауылында жаңа мектеп салынып, жас мамандар жұмысқа орналасты.

Ал жұмысқа жарамыздарға келсек, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарынан 16,3 мың отбасы жалпы сомасы 6,3 млрд  теңге болатын атаулы әлеуметтік көмек алды. Жалпы сомасы 712,5 млн теңге болатын кепілді әлеуметтік пакет 19 мың балаға берілді.  Жалпы сомасы 15,7 млрд. теңге болатын 42 500 теңге төлемін 368,2 мың адам алған. Сонымен қатар «Біргеміз», «Біргеміз Жетісу» қорының қаржысы есебінен және демеушілердің көмегімен облыстың 396 мың тұрғынына жалпы сомасы 4,9 млрд теңге көмек көрсетілген. Осындай атқарыслған жұмыстарға қарап, Алматы облыс әкімдігінің халықты тек жұмыспен қамтып қана қоймай, жұмысқа жарамсыздарға да ерекше көңіл бөліп, көмек беріп отырғандарын аңғарамыз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 14:40
еGov принциптері банктерді цифрландыру саласында қолданыс табуда
Сайт әкімшілігі 14:01
Алматыда "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы асында 1100-ден аса жоба қаржыландырылды
Нұрай РАХЫМ 12:49
Тағы да «СК-Фармацияның» жыры
Бифат ЕЛТАЕВА 11:16
Жаңарған ҚазҰУ
Қуаныш ЕРМЕКОВА 09:43
Көші-қон саясаты қуантып тұр
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 14:15
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31