Алматы облысының әкімдігі Нұр-Сұлтаннан келген комиссияны менсінбеді

06.09.2019, 14:57

35

ҚР Президентіаппаратының және балалар құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңесініңмүшелері Алматы облысындағы білім беру мекемелері, денсаулық сақтау ұйымдарымен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерін тексеріп, олардың нәтижесінбаяндады.  Бір апта бойы 16 аудандыаралап, балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін мекемелердің жәй-күйіментанысқан комиссия қорытындысы көңіл көншітпейді. Мақтауға ие болған жалғызауданы — Көксу.

2 миллионнан астамтұрғыны бар Алматы облысында қордаланған мәселе көп. Қанша уақыт өтсе дешешімін таба алмай жатқан мәселе — балалар өлімі. Бұл көрсеткіш бойынша облысең алдыңғы қатарда екен. Комиссия мүшелерінің келтірген дерегіне сәйкес, биылдыңөзінде өңірде 8 сәби шетінеп кеткен. Бұл — алаңдайтын мәселе. Дегенмен,облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі бұл көрсеткішті халық саныныңкөптігімен байланыстырып, алаңдауға негіз жоқ деп санайды екен. Айтпақшы,өңірдің жасөспірімдері арасындағы суицид тақырыбында баяндама оқуы тиіс Алматыоблысы білім басқармасының басшысы Дәурен ЖҮНІСОВ бұл жиынға келмеді. Бұғанкомиссия түсіністікпен қарағысы келген. Бірақ, осындай өзекті мәселелер айтылыпжатқан басқосуда облыс әкімдігінің бірде-бір өкілін таппай қиналған қонақтарашуға мінді.

«Недеген сұмдық? Көтерілетін проблемалар менескертулерді, алдымен, облыс басшылығы естуі керек еді ғой. Жарайды, әкіміссапарда дедіңіздер. Орынбасарлары қайда? Біреуі де жоқ. Негізі, басшылықжұмыс сапарымен кеткенде жауапты бір адам қалуы керек емес пе? Қане, әкімніңбаспасөз хатшысы қайда? Тым құрығанда сол болуы керек еді ғой», —  деп ашынды Нұр-Сұлтаннан келген «Nur Otan»партиясы жанындағы балалар құқықтарын қорғау кеңесінің консультанты Рысты ЖҰМАБЕКОВА. 

Әкім менорынбасарлары, тіпті, баспасөз хатшысы менсінбеген (бәлкім, қолдары бос болмады)жиында оларды «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасыныңорынбасары Ғалиасқар САРЫБАЕВ пен Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасыбасшысы Рұстам АЛПЫСБАЕВТАРҒА ақтауға тура келді.

— Кешіріңіздер, мен де әкімнің көмекшісімін ғой. Барлығынол кісіге жеткіземін, — деді Ғалиасқар Сарыбаев.

— Баспасөз хатшысы жоқ. Бірақ, міне, БАҚ өкілдері залда.Міне, жергілікті арнаның тілшілері осында жүр, — деді Рұстам Алпысбаев.

 Елордалық комиссияның ескертпелері мұныменаяқталған жоқ. Сөздеріне сенсек, Алматы облысындағы барлық мектеп-интернаттардың ғимараты ескірген. Санитарлық жағдай, тіптен, алаңдатады.Әсіресе, қыз балалар үшін жағдай жасалмаған. Кей интернатта жуынатын бөлме жоқ.Жеке бас гигиенасы туралы айту артық дейді, комиссия мүшелері.

«Мен мынаны түсінбеймін: Талдықорғанда әлемдікдеңгейдегі жабық су бассейнін тұрғызып жатыр. Бірақ, қаланың қақ ортасындағы281 ғана бала оқитын Дәнеш Рақышев атындағы интернатта стадион, тіпті, серуендейтіналаң жоқ. Облыс мектептерінің ауласындағы дәретханалар сын көтермейді, маңынабарсаң өткен ғасырды еске салады», —  дейді балалар құқығын қорғау кеңесінің мүшесіЖанна АХМЕТОВА.

Осы сәтте, сөзгеАлматы облысының спорт басқармасын басқарып отырған Нұрбақыт ТЕҢІЗБАЕВараласты. Оның ойынша, бұл салыстыру қисынға келмейді. 

«Алматы облысы су спорты бойынша артта қалды.Олимпиадаға бірде-бір лицензия жоқ. Мысалы, Ақтөбе қаласында әлемдік  стандартқа сай 4 жүзу бассейні бар. Сондықтанбізге бассейн керек-ақ».

Ары қарай сөзінжалғаған  Пекин олимпиадасының күмісжүлдегері облыстағы адамдардың 30 пайызы салауатты спорт салтын ұстанатынынайтты. Әсіресе, жастар белсенді. Алматы облысында балаларды спортқа баулумақсатында 42 спорт мектебі жұмыс істеп тұр және онда 72 спорт түрі бойынша 36мың бала оқып жатыр. Ал, өңірдегі спортты дамыту үшін аталған салаға биыл облысбюджетінен 10 жарым миллиард теңгебөлініпті.

Ары қарай комиссияалдына облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Жомарт ҚАРАТАС шықты.Мүдірмей оқыған мәтінінде облыстағы 14 пен 29 жас арасындағы жастар саны 408мыңнан асқаны жазылған екен. Олардың  89мыңы қалалық жерде, 320 мыңы ауылда тұрып жатыр. Облыста 21 жастар ресурстықорталықтары қызмет атқарады, ондағы штат саны — 146 адам. Айтпақшы, былтыроблыс әкімі Амандық БАТАЛОВ жастарды қолдау мақсатында 542 миллион теңгебөлген болатын.

Талғар ауданындасал ауруымен ауыратын 16 бала тіркеуде тұр. Ал, аутизмге шалдыққан ешкім жоқ.Бұл комиссияның күдігін тудырған екен.  Облыстықпсихолого-медико-педогогикалық консультация 1 кабинетте 3 ауданның балаларынқабылдайды. Нормативке сәйкес, мұндай орталықта 60 мың бала қабылдану керек.Ал, Алматы облысының 1 ғана ауданында 69 мың бала бар екен. Ұйғыр ауданындағыкей мектептердің мәзірі жаңартылмауы және  Ұзынағаштағы жаңа мектептің қираған ауласы дасөз болды.  Облыс әкімдігіне Қарасай,Жамбыл, Іле аудандарындағы 3 ауысымды мектеп проблемасы барын ескертті.

Фотоны автор ұсынды.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57