14.10.2020, 09:58
682
Алматы полициясы тұрғындар арасында карантин талаптарын түсіндіру жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы қаласының полиция қызметкерлері мониторинг топтың құрамына кірген. Тәртіп сақшылары тұрығындар арасында карантиндік шаралардың маңыздылығын түсіндіріп жатыр.
«Біріншіден, біз бетперде режимін сақтау туралы айтамыз, ол бүгінде азаматтарды қорғаудың ең негізгі әдістерінің бірі.Тәжірибе көрсеткендей, кейбіреулер карантин талаптарын сақтауды мүлдем тоқтатқан: олар медициналық бетперделерді шешіп, қонаққа барып жүр, қолдарын және үйлерін антисептикпен тазалауды ұмытқан. Ал бұл коронавирус инфекциясының таралуына әсер ететін тікелей фактор. Осыған байланысты азаматтардың жаппай демалу орындарында және қоғамдық көліктерде карантин талаптарын түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Полиция қызметкерлері, эпидемиолог қызметкерлер және аудан әкімдіктерінің қызметкерлерінен құрылған ондаған мобильді топ өз жұмыстарын жалғастыруда», –дейді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Тәртіп сақшылары алматылықтарды маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты және карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР