Алматы құтқарушыларының жалақысы басқа мақсатта жұмсалған

Сайт әкімшілігі

17.02.2021, 13:44

835

Алматы құтқарушыларының жалақысы басқа мақсаттарға жұмсалған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Tengrinews.kz сілтеме жасап. 

Алматыда құтқарушылардың еңбекақысыз қалғанын Бостандық ауданының тұрғыны айтты.

«Неліктен құтқарушыларға төлем беруді тоқтаттыңыз? Қызметкерлердің көбі жұмыстан шығу туралы өтініш жазды. Менің жиенім сол жерде жұмыс істейді, жыл басынан бері жалақы алмады», — деді ол.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, әкімдік мұндай жағдайдың болғанын және құтқарушылар жалақысыз қалғанын білмеген.

«Олар ақшамен толық қамтамасыз етілді, жылдық бюджеті, соның ішінде жалақысы да болды. Бірақ немқұрайды басшылық жалақыға арналған ақшаны басқа мақсаттарға жұмсап жіберген. Жалақы және басқа мақсаттар үшін ақша бөлінді. Ақша жетіспесе, олар қаржыландыруды көтеру үшін қосымша сұрау жазуы керек еді. Бірақ жалақыға қол тигізуге болмайды», — деді әкім. 

Осы жағдай белгілі болғаннан кейін құтқарушыларға желтоқсан мен қаңтар айлары үшін жалақы төленді. Мән-жайды анықтайтын комиссия құрылды.

«Комиссия жұмысын аяқтаған кезде, алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін ұйымдастыру шараларын қабылдаймыз. Бұл дұрыс емес», — деп қорытындылады Алматы әкімі.

Тегтер: жалақы жұмысшылар қызмет құтқарушылар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 15:09
Латын әліпбиі деп босқа бақырдық, ә?
Сайт әкімшілігі 13:29
Керделі ауылына көгілдір отын берілді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 09:04
Шонжыны шоңқитқан Тохтасунов Оралды да оңдырмапты
Сайт әкімшілігі 25.10.2021, 11:02
Бала тууға тағайындалатын жәрдемақыны Kaspi.kz суперқосымшасында онлайн рәсімдеуге болады
Бифат ЕЛТАЕВА 25.10.2021, 09:07
Аралас некенің бәрі бақытты бола бермейді
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 09:06
Сағынтаев ірі көлік жолайрықтарының құрылысын жеделдетуді тапсырды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01