07.12.2020, 13:07
1930
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы эпидемиологиялық ахуал тұрғындар мен кәсіпкерлердің жауапкершілігіне байланысты екенін баса айтты.
Оның айтуынша, 2 желтоқсанда Алматы «сары аймақта» болған.
«3 желтоқсанда біз Денсаулық сақтау министрлігінен мәлімет алдық: Алматы қайтадан «жасыл »аймаққа кірді. Біз үнемі шекара аймағындамыз: бір күні «сары» аймаққа, екінші күні «жасылға» ауысамыз», — деп түсіндірді Алматы әкімі.
Бақытжан Сағынтаев қаладағы эпидемиологиялық ахуал тұрғындар мен кәсіпкерлердің жауапкершілігіне байланысты екенін айта келе, жағдай қиындап, індет жұқтырғандардың саны артса, амалсыз қатаң шаралар қабылдауға мәжбүрлік болатынын айтты.
«Егер біз санитарлық эпидемиологиялық қызметтің талаптарын орындамасақ, бетперде кимесек, әлеуметтік арақашықтықты сақтамасақ, барлық талаптарды сақтамасақ, онда жағдай нашарлай түседі. Демек, бәрі өз қолымызда. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің барлық талаптарын орындамасақ, онда біз қаланы жабуға мәжбүр боламыз. Қайталап айтамын, біз нормаларды бұзатын болсақ, маскасыз жүрсек, күн сайын шамамен 100-150 науқас болады, онда қазіргі жағдаймен салыстырғанда қатаң шараларға көшуіміз мүмкін», — деді мегаполистің басшысы.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР