11.12.2020, 16:02
1090
Алматы әкімдігінің өкілдері жаңажылдық безендіруге ақша бөлмеу туралы шешім қабылдады. Алматы көшелерін безендіруге арналған қаражат басқа мақсаттарға жұмсалған.
Мәдениет басқармасының мәліметінше, биыл әкімдіктің негізгі бюджет қаражаты коронавирус инфекциямен күресуге бағытталды.
«Жаңажылдық шыршаларды орнатуға және көшелерді жарықпен безендіруге ақша бөлінбеді», — деді басқармадағылар.
Ведомство мәліметінше, былтырғы шыршалар 16 желтоқсаннан кейін қалпына келтіріліп, орнатылады.
«Биыл Алматы қаласының әкімдігі пандемияға байланысты ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізбейді. Соған қарамастан, мерекелік күндерге орай мәдениет басқармасының ведомствоға қарасты мекемелерімен 25 іс-шара ұйымдастырады. Олардың көпшілігі онлайн форматта өтеді. Ал дәстүрлі форматта ұйымдастырылған іс-шаралар барлық санитарлық норманы сақтай отырып, қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізіледі. Жаңажылдық отшашу да қарастырылмаған», — деді әкімдік өкілдері.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР