Алматы «жасыл қала» болып қала ма?

Думан АМАНЖОЛҰЛЫ

15.10.2020, 10:35

663

Басын ақ қар басқан Алатаудың баурайындағы ару Алматыда абаттандыру жұмыстары бүгінде қай деңгейде? Ол туралы жақында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында белгілі болды.

Баспасөз турына қатысқан мемлекеттік БАҚ өкілдері қаладағы саябақтар мен гүл бақтарды аралап, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы мен «Бюджетке қатысу» жобасы аясында жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Бір айтарлығы, бүгінде қаладағы саябақтар мен гүлзарлар ересектер мен балалардың жағымды және пайдалы уақыт өткізу орнына айналуы үшін қала тұрғындарының пікірлері ескеріліп, жұмыстар жүргізілуде екен.

– Ең алдымен, қаланың Бостандық ауданындағы Тимирязев – Шашкин көшелерінің қиылысында орналасқан «Достық» саябағына бардық. Мұнда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. – Саябақты абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Ендігі кезекте workout спорт алаңы, балалар ойын алаңы, итпен серуендейтін арнайы жер, жарықтандыру жұмыстары, жолды асфальт, плитка, брусчаткамен төсеу жұмыстары қалды. Барлық жұмыс қараша айының соңында аяқталады деп күтілуде. Ал абаттандыру жұмыстары жергілікті тұрғындармен ақылдаса отырып жүргізілуде. Сондай-ақ 370 түп ағаш отырғызылатын болады, – деді «Достар» құрылыс компаниясының өкілі Азат Естаев.    

Осыдан соң Алмалы ауданында орналасқан «Ганди» саябағының батысындағы гүлбақ пен «Махаббат» гүлзарына жол тарттық. Бұл жерде сұхбат берген Алмалы ауданының көріктендіру бөлімінің басшысы Төлеген Әкімхан: – «Ганди» саябағының батысындағы гүлбақты абаттандыру жұмыстары «Бюджетке қатысу» жобасы аясында тұрғындардың ұсынысымен жүзеге асты. Қазіргі таңда резеңке төсем, кеспе тастан жасалған төсем және аумақты асфальттау жұмыстары, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ саябақта workout спорт алаңы, тренажерлер, екі спорт аймағы, балалар алаңы орнатылды.

Жарықтандырылған гүлбаққа, саябаққа сәнсәулелі тіреулер мен шамдар, 24 шырақ, сәнсәуле үлгісіндегі 8 шырақ орнатылды. Бұдан бөлек 100 түп ағаш отырғызылды. «Махаббат» гүлзарында да көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаштар мен көпжылдық бұталар, көгалдар отырғызылды. Жарықтандырумен қамтамасыз етілген.  

Келесі кезекте Медеу ауданындағы атақты «28 панфиловшы гвардияшылар» саябағына барып, саябақ аумағын абаттандыру жобасымен таныстық. Жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Саябақ аумағын абаттандыру кезінде ауданы 17 000 шаршы метрден асатын асфальт-бетон жабынын ауыстыру, 373 жарықтандыру тіректерін орнату, ауданы 3600 шаршы метрден асатын тротуар плиткаларын орнату, 59 000 шаршы метрден асатын аумақты көгалдандыру көзделген. 103 жаңа орындық орнатылып, 23 ретро орындық қалпына келтіріледі, сондай-ақ ұзындығы 2100 п. м. дренаж жүйесін қайта құру бойынша жұмыстар орындалады. Бүгінгі күні жұмыс көлемінің 75 пайыздан астамы аяқталды. Шамамен аяқталу мерзімі қазан айының соңына дейін екен. «Негізінен, саябақ аумағында жарықтандыруды ауыстыру және жалпы жақсарту жұмыстары жүргізіледі. Жаяу жүргіншілер мен тротуарлық жолдарды ауыстыру қарастырылған. Шағын сәулет нысандары ауыстырылады» деді қалалық жайлы орта бөлімінің басшысы Руслан Кемелбаев. Оның айтуынша, бүгінгі таңда саябақ аумағындағы ескі дуалдарды қалпына келтіру бойынша компаниямен келісімге қол қойылды.  «Қалпына келтіру кезінде бұл жерде қоршауларда 20-дан астам бояу қабаты, бірінің үстіне бірі жағылғаны анықталды. Мердігер ұйым арнайы жабдықтары бар кәсіби базасы бар компанияны тапты, ол қалпына келтіруді (қоршауды ауыстыру емес) жүргізеді» деп түсіндірді Р.Кемелбаев.

Баспасөз турына қатысушылар осыдан соң Түрксіб ауданында орналасқан «Жас қанат» ықшамауданындағы саябақ пен «Маяк» ауылына рекреациялық аймақтар құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан «Әуежай» көлінің аймағына барды. Қалалық «Жасыл экономика» басқармасының басшысы Наталья Ливинскаяның мәліметінше, көгалдандыру алаңы 170 мың шаршы метрді құрайды. Қайта құру кезеңінде 70 жұмыс орны құрылды. 22 976 шаршы метр алаңға абаттандыру және көгалдандыру жүргізілді. Автокөліктерге арналған 30 орындық тұрақ аймақтары және велосипедтерге арналған тұрақ бар. Аумақта спорттық нысандар, workout алаңдары, минифутбол және стритбол алаңдары, паркур алаңдары, балалар алаңдары салынды. Сондай-ақ 125 орындық, 130 қоқыс салғыш, орындықтары бар 8 үстел орнатылды.

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турынан кейін тікелей эфирде өткен брифингте Алматы қаласының «Жасыл экономика» басқармасының басшысы Наталья Ливинская қаланы көгалдандыру бойынша бүгінде нақты атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, журналистердің қойған сұрақтарына жан-жақты жауап берді. «Бүгіннен бастап біз күзгі көшет отырғызуға кірістік. Жұмыс биыл 20 қарашаға  дейін созылады. Шамамен 290 мың көшет отырғызу жоспарлануда.  Жасыл желектердің басым бөлігі Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарына отырғызылады» деді Н.Ливинская. Айту керек, жасыл желек отырғызуға ниетті әрбәр қала тұрғыны бұл шараға қатыса алады. Ал желек отырғызу кестесі Басқарманың ресми сайтында жарияланған.

Белгілі болғандай қазіргі таңда «Алматы – 2050» даму стратегиясын, атап айтқанда, «Адамдар үшін арналған қала» қағидатын іске асыру шеңберінде мегаполисте айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатқанын көрдік.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:19
Коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді
Айжан БҮРКІТБАЕВА 29.10.2020, 11:03
Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
Мариям МАҚСАТ 29.10.2020, 10:59
Ауылдықтар ауызсуға жарымай отыр
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 29.10.2020, 10:39
Жолдың жыры келер жылы тамам болмақ
Бифат ЕЛТАЕВА 29.10.2020, 09:44
«Жасанды жолмен туған бала табиғи жолмен ұрпақ жалғастыра алмайды деген бос сөз»
Айжан БҮРКІТБАЕВА 29.10.2020, 09:39
Көлеңкеде қалған ауыл жастары

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04