Алматыда авто шеруге шыққандарды полиция ұстап жатыр

11.06.2019, 05:53

50

Алматыда Сайран автовокзалыныңмаңында авто шерушілерді полиция ұстады. Олардың көліктерін эвакуаторларға тиепалып кетті. Бұл ақпаратты журналист Асем ЖАПИШЕВА facebook.comәлеуметтік желісінде тікелей эфирде таратты.

Кеше кешкі сағат 18-00 мен19-00 арасында айтыскер Ринат ЗАЙЫТОВ ұсталған болатын. Ол және басқа да тәуелсіз бақылаушылар сайлаудағызаңсыздықтарды жариялаймыз деп Рысқұлов пен Момышұлыкөшелерінің қиылысында жиналған. Айтыскерді босатылуын талап етіп Алматықалалық полиция департаментінің алдына жүздеген адам келген еді. 10 шілдесағат 23-00 шамасында Ринат Зайытов ел алдына шығып, көпшіліктің тарқауынсұраған.

«Мен сіздердің барлықтарыңызды жақсы көрем. Бірақ бұндайжерде арандатушылар болады. Неге одан қарапайым қазақ зардап шегу керек? Осыжерде реніші бар біреу болса мені ұрсыншы. Тараңыздаршы. Мен сіздер үшінжанымды беруге дайынмын, ағайын. Көзіме жас келіп тұр. Дәл осы сәтте арандатуғатүсіп қалмай тарқайықшы», — деген еді айтыскер.

Айтыскерді қолдаушы авто шеруТөле би көшесінде басталды. Көліктердің басын жолдың қарсы бағытына шыққанполиция машиналары тоқтатып, СОБР автозактарға жүргізушілерді тией бастады. Оғандейін жаяу шерушілер «Оян, қазақ!  Ринат,Ринат!» деп ұрандатқан.

Оқиға орнынан ақпарат таратқан КазТагжурналисттерінің хабарлауынша, полиция шерушілерді күштеп ұстаған. Тікелейэфирде ақпарат таратқан журналистер полицияның өздеріне қол жұмсағанынайтады. Tengrinews сайтыныңжурналисімін деп өзін таныстарған Шоқан АЛХАБАЕВ полициядан таяқ жегенінхабарлайды.


Фото: КазТаг

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 15:50
Әділет министрлігі 2,1 миллиард доллар көлемінде Қазақстан мүддесін қорғады
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 14:30
Онлайн петиция беру үшін "тыйым салынған" тақырыптар белгілі болды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:36
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 12:30
Мұздатқыштағы сәби өлімі: дәрігерлер неге сот үкімімен келіспейді?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30