19.03.2021, 12:15
781
Алматыда белгісіз адам 12 мектепке «мина қойды» деген ақпарат пайда болды. Қазір полиция тексеру жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
«Бұл туралы 12 білім беру мекемесінің электрон поштасына хабарлама келген. Онда шабуылдаушы ақша аударуды сұраған. Талабын орындамаса мектеп ғимаратын жарып жіберетінін жазған», — деді құқық қорғау органдары өкілдері.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне тіркелді. Белгісіз адамның жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР