Алматыда «БЮДЖЕТКЕ ҚАТЫСУ» белсенділігі артып келеді

Еркежан АРЫН

01.12.2020, 21:11

211

Жаңа 2020 жылдың басында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар әлеуметтік-саяси реформалар, соның ішінде елорданың барлық аудандарында, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында – барлығы 55 әкімшілік бірлікке Бюджетке қатысу жобаларын бастау туралы жариялаған болатын. «Бюджетке қатысу» – бұл қазіргі кезде бүкіл әлемдегі мемлекеттік басқару практикасында өте белсенді қолданылып келе жатқан басқару практикасының бір мысалы.

11 қараша күні басталған «Бюджетке қатысу» қалалық жобасы аясында Алматыны абаттандыру бойынша тұрғындардың ұсыныстарына дауыс беру қорытындысы шығарылды.

Бұл жоба бойынша өтінім жинау 28 тамызда басталған болатын. Қала тұрғындары budget.open-almaty.kz порталы арқылы ұсыныстарын енгізіп, оның ішіндегі ең жақсы ұсыныстарды 11-23 қараша аралығында өткен дауыс беру арқылы тұрғындардың өзі анықтап шықты. Дауыс беру budget.open-almaty.kz порталында ЭЦҚ немесе ЖСН (SMS-код) пайдалану арқылы онлайн, сондай-ақ аудандық әкімдіктер мен Open Almaty фронт-офисінде қағаз түрінде де өткізілді.

Жүзе асырылуы үшін ұсынылған жоба кем дегенде 10 дауыс жинауы керек болған. Бір тұрғынға тек үш жобаға ғана дауыс беру құқығы берілді. 12 қараша күні Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Бюджетке қатысу» жобасын іске асыруға және оны масштабтауға арналған мәжілісі өткен болатын. Саясаттану ғылымдарының кандидаты, саясаттану және бұқаралық ақпарат құралдарының сарапшысы Әділ Нұрмақов бюджетке қатысу жобасын бүкіл мемлекет көлемінде жүзеге асырар болсақ, бұл бюджетті жұмсау құралы емес, негізінен азаматтарды тарту құралы болып табылатындығын ерекше атап өтті. Азаматтарды шешімдер қабылдау үдерістеріне барынша тартудың мақсаттары қойылуы керек, ал негізгі жетілдіру жұмыстары жергілікті билік органдарының қазіргі міндеттерінің бірі болып табылады.

2019 жылы басталған Алматы қаласындағы «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуындағы маңызды кезең болды. Қала тұрғындары өз аудандарының дамуы мен мәселелерін шешуге қала бюджетінің бір бөлігін қалай пайдалануға болатындығы туралы өз ойын айтуға мүмкіндік алды. Азаматтар үшін бұл жоба – олардың бастамаларын ілгерілету құралы және қалада болып жатқан өзгерістерді бақылау әдісі. Ал әкімдік үшін бұл қала тұрғындарының пікірлеріне сүйене отырып, негізгі проблемаларды түсінуге мүмкіндік береді, бұл болашақта басымдықтарды анықтауға және бюджеттік ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Биыл 795 жобалық ұсыныс түсті, оның 448-і дауыс беруге жіберілді. Алматылықтар 28 576 дауыс берді, оның ішінде 27 476 онлайн және 1113 қағаз түрінде берілген.

Осылайша, «Бюджетке қатысу» аясында 2021 жылы 343 жоба іске асырылады деп шешілді (Алмалы ауданы – 73, Наурызбай ауданы – 61,

Түрксіб ауданы – 54, Бостандық ауданы – 49, Медеу ауданы – 34, Алатау ауданы – 31, Әуезов ауданы – 22, Жетісу ауданы – 19 жобадан).

Қала тұрғындарының ең көп дауыс жинаған жобалары қатарында:

— Бостандық ауданында №3 оқушылар үйінің аумағын абаттандыру (458 дауыс);

— Алатау ауданында «Атлеттер қалашығы» ТК аумағын абаттандыру (424 дауыс);

— Алмалы ауданында Шевченко көшесі, 167 мекенжайындағы ауланы жаңарту және көгалдандыру (387 дауыс);

— Медеу ауданында №168 мектепке өту үшін Әбілғазы өзені арқылы жаяу жүргіншілер көпірі мен пандусы бар баспалдақ салу (349 дауыс);

— Түрксіб ауданында «Қазақстан жастарына патриоттық тәлім беру» тақырыбына мурал салу (325 дауыс);

— Әуезов ауданындағы Мамыр-1 ықшамауданында балалар ойын алаңында күрделі жөндеу жүргізу (147 дауыс);

— Наурызбай ауданындағы Тастыбұлақ ықшамауданында жол бойында жабық арық жүйесін орнату (132 дауыс);

— Жетісу ауданындағы Көкжиек ықшамауданында Жекпе-жек орталығын ашу (112 дауыс) бар.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері қағаз түрінде дауыс беру нәтижесін санауға қатысып, тұрғындардың бастамаларына өз бағасын берді. Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Мұрат Әбдішүкіров:

— «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша қағаз түрінде дауыс беру нәтижесін санауға бір күн кетті. Бұл тұрғындар өз ауданын абаттандыру үшін дауыс беруге белсенді қатысқандығын білдіреді. Менің ойымша, тұрғындардың пікірін ескере отырып, қаланы дамыту үшін «Бюджетке қатысуды» тұрақты түрде өткізу керек. Тәжірибе көрсеткендей, қала тұрғындарының белсенділігі мен жобаға деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді, — деді.

Алматы қаласы Бостандық ауданы мүгедектер қоғамының басқарма төрағасы Ұлан Іңкәрбеков те биыл тұрғындардың белсенділігі артқанын атап өтті:

— Әр ауданда орта есеппен 100 жобадан ұсынылды. Соның ішінде дауыс беруге қала тұрғындарына қажет және ең маңызды жобалар жіберілді. Жыл сайын «Бюджетке қатысу» арқылы қалалық ортаны жақсартуға ниет білдіретін тұрғындар саны көбейе түседі деп сенемін, — деп пікір білдірді.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің сарапшысы Дмитрий Васильевтің пікірінше, «Бюджетке қатысудың» категорияларын көбейтіп, абаттандырудан бөлек, әлеуметтік нысандарды, демалыс орталықтарын және т.б. ашу бойынша жобаларды қосу мүмкіндіктерін де қарастыру қажет.

Сонымен қатар, 2019 жылы Алматы қаласының әкімдігі «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасын жүзеге асырып, қаланың 8 ауданына жергілікті бюджеттен 500 млн теңгеден бөлген болатын. 2020 жылы жалпы сома 6,4 млрд теңгеге дейін өсіп отыр (2019 жылы 4 млрд теңге) — әр ауданға 800 млн

теңгеден. Қалаға қосылған аумақтарды дамыту мақсатында Наурызбай және Алатау аудандарына «Бюджетке қатысу» аясында қосымша 500 млн теңгеден бөлу қарастырылған. Осылайша, аталған екі ауданның әрқайсысына 1,3 млрд теңгеден бөлінеді.

«Бюджетке қатысу» аясында 2021 жылы жүзеге асырылатын жобалар тізімін budget.open-almaty.kz порталындағы «Хаттамалар» бөлімінен қарап, танысуға болады.

Алматы қаласының «Бюджетке қатысу» жобасының мақсаты – азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде қала аудандарының аумағын дамыту және абаттандыру. Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, сарапшылар, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері қала тұрғындарының бастамаларына өз бағаларын береді.

Биылғы жылы алгоритм мен қолдану шарттары жеңілдетілгенін атап өту маңызды. Өз жобаларын ұсынатын тұрғындар смета немесе эскизді қоспаса да болады, есесіне ұсынылған стандартты құжаттардың бірін таңдайды немесе интернеттен сурет жүктей алады. Демек, кез-келген қала тұрғыны, арнайы білімі жоқ болса да, өз аймағын көркейтуге және қалалық қоршаған ортаны дамытуға өз идеясын ұсынып үлесін қоса алады.

2021 жылға өтінімдер қабылдау ағымдағы жылдың 28 тамызында басталды. Алматының даму орталығының порталында – Open Almaty. Жобаның пилоттық кезеңніде 333 жоба ұсынылға болатын, олардың біразы аяқталып, пайдалануға берілді. Жүзеге асырылатын жобалардың қатарында скейт-саябақ, сөйлейтін орындық, балалар мен ересектерге арналған ойын алаңдары, алаңдар мен азаматтардың демалыс орындары бар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 30.07.2021, 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15