Алматыда карантин талабы күшейеді

Сайт әкімшілігі

10.03.2021, 15:35

527

Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантин шаралары күшейтіледі. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.

Қалықова Алматының санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы дайындалып жатқанын айтты.

«Кез келген мерекелік іс-шара достар мен таныстардың жаппай араласуын білдіреді. Осыған байланысты соңғы мерекелер де эпиджағдайдың нашарлауына және вирусты жұқтыру қаупінің артуына ықпал етті.

Алдағы мерекелерде, Наурызда, адамдар жаппай серуенге шығады. Бірақ, өздеріңізге белгілі, бүгіннен бастап Алматы эпиджағдайды бағалау матрицасының „қызыл“ аймағына өтті. Сондықтан бұрынғыша бұл іс-шараларға тыйым салынады», — деді ол.

Әсел Қалықова қалада шектеу шаралары күшейтіліп, қосымша карантин шаралары енгізілетінін айтты.

«Жақын арада бас санитар дәрігердің шектеу шараларын күшейтуге және коронавирустың таралуына қарсы тұруға бағытталған жаңа қаулысына қол қойылады. Құжат дайындалып, қоғам және бизнес өкілдерімен талқыланып жатыр. Күн соңына қарай қаулыға қол қойылады», — деді ол.

Эпидемиолог қаулыға 10 наурызда кешке сағат 20.00-21.00 шамасында қол қойылып, жарияланатынын айтты.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 03.12.2021, 11:30
Инстаграмның жетегінде кетпейік
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 10:30
Халыққа бермеудің амалы ма? Зейнетақы жинағын алу: жеткілікті деңгей екі есе өседі
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 08:44
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 12:44
Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 13:00
Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:20
Қазақ-түрік лицейлерінің орнын немен толтырамыз?

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00