Алматыда мереке кезінде базарлар жабылып, автобустар тоқтай ма?

Сайт әкімшілігі

15.12.2020, 15:13

1304

Алматыда демалыс күндері 16-19 желтоқсан аралығында ойын-сауық орталықтары мен автобустар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды. 

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер айтты.

Ведомстводағылар мереке күндері ойын-сауық орталықтары мен автобустардың жұмысы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің 9 қарашадағы №64 қаулысы бойынша реттелетінін айтады.

Осылайша, алдағы мереке күндері сауда орталықтары 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, 17.00-ге дейін азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының қызметіне рұқсат етіледі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қоғамдық көлік жұмысы өзгеріссіз қала береді. Автобустар мен метрода маска режимі сақталуы керек.

Еске салайық, мұның алдында мереке күндері 16-19 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтанда да қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейтіні айтылған еді.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15