Бөлімшеде 118 науқас емделді, 48 бала қабылданды, оның 20-сына кесарево отасы жасалған.
07.09.2020, 03:26
370
Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығынан COVID-19-дан айыққан соңғы науқас шықты. Бұл туралы Алматы қалалық әкімдігінің Telegram-каналында жазылды.
«Кеше біз екі жақты пневмониямен ауыратын соңғы науқасты шығардық. Науқастың жағдайы жақсы және ол біздің дәрігерлерге өте риза. Енді орталықтағы жұқпаулы ауру-провизорлық бөлімшені кардиохирургиялық бөлімшеге жоспарлы емдеуге жатқызудың қайта жандануына байланысты жауып тастадық», — дейді Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Ғани Бодықов.
Пандемияға байланысты орталықта шілдеден бастап ЖРВИ немесе Covid-19 белгілері бар пациенттер үшін 25 провизорлық және жұқпалы ауруға 5 төсекке арналған жұқпалы ауру-провизорлық бөлімше ашылған болатын.
Бөлімше жұмысы барысында 118 науқас емделді, 48 бала қабылданды, оның 20-сына кесарево отасы жасалған. Науқастар арасында коронавирустан өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР