Алматыда қаржы пирамидаларының 4 ұйымдастырушысы сотталды

Сайт әкімшілігі

31.12.2021, 10:25

3044

Алматыда қаржы пирамидаларының төрт ұйымдастырушысы сотталды, – деп хабарлайды  «Жас Алаш»  Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

 Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының мәліметінше, қаржылық пирамидаларға қатысты төрт қылмыстық іс бойынша өндіріс аяқталды. Олардың қылмыстық әрекеттерінен барлығы 500-ге жуық адам зардап шекті. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгені құрады.

– Олардың бірі – 33 жастағы А.Лим есімді азамат, ол 2017 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың тамыз айына дейін алаяқтық әрекеттер жасау мақсатында азаматтардан инвестиция (қаражат) тартып, “LS ins” ЖШС құрған, азаматтар салған қаражатты толық көлемде және ешбір тәуекелсіз қайтаруға жалған кепілдік бере отырып, спорттық ойындардың нәтижелеріне ақша қою арқылы пайда көргісі келген. Көбірек баю мақсатында Л.есімді азамат инвестицияланған қаражат бойынша сыйақыны кез келген уақытта, әртүрлі тәсілдермен: картаға, банктік шотқа немесе кеңсеге аудару арқылы алуға болатынына “кепілдік берді”.  Алданған азаматтардың арыздары бойынша 188 қылмыстық іс тіркеліп, жалпы шығын 1 440 281 000 теңгені құрап отыр, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Алмалы аудандық сотының қаулысымен А.Лим есімді азамат 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

– Сонымен қатар, Тергеу басқармасының өндірісінде Д.Алдабергеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол әлеуметтік желі арқылы инвестициялық жобаның ашылғанын хабарлаған. Жобаның мәні букмекерлік кеңселерде, сондай-ақ әртүрлі бизнес жобаларға ставка жасау үшін салым салу арқылы қаражатты көбейту болды.  Осылайша, салымшылар Д.Алдабергеноваға және басқа адамдарға 30% және 50% пайда алу үшін банк карточкалары арқылы ақша аударған, бірақ кейіннен қаражатты аударғандарымен, олар пайданы алмаған. Күдікті Алмалы аудандық сотының судьясымен алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды, – деді. 

Тегтер: қылмыс заң тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:51
Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзаруы мүмкін
Сайт әкімшілігі 09:12
«Мектепке жол». Атырауда бірінші сынып оқушысына 10-сынып оқушысының формасы берілген
Сайт әкімшілігі 08:58
"Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 18:21
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 17:42
Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 14:38
Әлемдегі ең қымбат дәріні еккен қазақстандық бала көз жұмды

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49