Алматыда тағы да базар сүріледі

03.05.2018, 22:16

80

Алматыда саудагерлер тағы шу шығарды. Бұл жолы Ясауи мен Төле би қиылысындағы «Кар сити» аумағындағы авто-бөлшек сатылатын базар сүрілгелі тұр. Он жылдан бері кәсібін жүргізіп отырған саудагерлер наразы. Оларға тауарларын алып кетуге бар-жоғы бір түн беріліпті. Алдын ала ескерту қағазын алмадық деген кәсіпкерлерін БАҚ-ры өкілдеріне мұңын шақты.Көліктің қосалқы бөлшектері сатылатын базар оналасқан бір гектар жер қызыл сызықта орналасқан екен. Согндықтан да қала билігі ерте сауда орнын сүріп тастайды.«Бүгін контейнерімізге ескерту қағаз шаптап кетіпті. Осы жерде нанымызды тауып жүр едік. Қанша адам жұмыссыз қалғалы тұр», — дейді Арман ӘУБӘКІРОВ есімді саудагер. «Кар Сити» базары осыдан он жыл бұрын ашылған. Авто-бөлшектер сататын 100-ге жуық бутик бар. Кезінде тәулік бойы жұмыс істейді деп шақырған базар басшылығының үйіп-төккен уәдесі қайда дейді кәсіпкерлер. Аңғал басымыз контейнердегі тауарларды несиге алып толтырдық деп ашулы.«Енді қайда барамыз? Шыны керек, не жасарымызды білмей оытрмыз.Несиелер қалай жабылады? Менің өзімнің КМФ-та 10 млн кредитім бар. Мына жерде біраз адамның кредиті бар. Барлығымыз фирмалардан қарызға тауаралғанбыз», дейді тағы бір саудагер ЕрдосСИХАЕВ.10 жылдан кейін жергілікті шенділердің базар маңындағы жердің үкімет меншігі екенін енді қаперге алғандары қызық. Ірі базардың қожайындары жерді заңсыз жалға беріп отырған деген әкімшілік өкілі сатушыларға жаңа орын қарастырылмағанын да айтты.«14 нысан  мемлекеттік жер қорында салынған. Және қызыл сызықта орналасқан. Құрылыс заңнамаларын бұзғаны үшін нұсқамалар беріліп, жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп жатыр», — деді Алматы қалалық «Мемлекеттік сәулет-құрлыс бақылау басқармасы» ММ-ның бас маманы Әлібек  ТҮЛБАСИЕВ. Алматыда жер асты өткеліндегі саудагерлердің де әлі мәселесі толық шешілген жоқ. Олар да БАҚ-да онсыз да экономикалық қиын кезеңде жұмыссыз қалғандарын айтқан-ды. Мониторинг бойынша тағы 280-дей нысанға тексеріс жүргізіп жатыр. Ал, авто-бөлшек сататын 100 кәсіпкер ертеңнен бастап жұмыссыз.

Фотолар: zhasalash.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:26
Нұр-Сұлтанда жалақы өсіруді талап еткен жүзден астам краншы жұмысын тоқтатты
Сайт әкімшілігі 11:52
Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерді вакцинациялау басталды
Сайт әкімшілігі 09:45
Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сайт әкімшілігі 09:20
Бас санитар карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 27.02.2021, 21:54
Түркістанда бір отбасыда бес адам қайтыс болды

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51