Алматыда Түрксіб ауданы қоқыстан арылмай тұр (видео)

Сайт әкімшілігі

09.08.2022, 09:07

1022

Жас Алаштың редакциясына Нұржан Бейсенбайұлы есімді тұрақты оқырманымыз хабарласып, Түрксіб ауданына қарасты тұрғын үй алаңдарындағы қоқыстарға қатысты шағымын айтты.

Оның айтуынша, тұрғын үйдің жаны мен балалар алаңы қоқыстан көз ашпайтын көрінеді. Әрі арнайы тұрақты түрде тазалық жұмыстары жүргізілмегеніне көп болған.

— Түрксіб ауданындағы көпқабатты 7 үйге қарасты балаларға арналған алаңдар қоқыстан көз ашпай тұр. Барлығы қоқыстарын тастап жүре береді. Ал оны күнделікті, тұрақты тазалап жүретін аула сыпырушымыз да жоқ. Қоқыстың иісінен демалу мүмкін емес. Әрі балалар алаңы маскүнемдердің арақ, сыра ішетін орнына айналып кеткен. Кешке арақтарын ішіп, бөтелкелерін шашып кете береді. Бірақ бұл бассыздықты қадағалап жатқан ешкім жоқ. Әйтпегенде, тура 200 шақырым ғана жерде полицейлердің пункті орналасқан. Одан әрі 100 шақырым жерде Түрксіб аудандық Ішкі істер бөлімі де бар. Солар күнде кешке қадағалап, «бұл жерде ішуге болмайды» деп қуып жіберсе болады ғой. Ешқандай халық өмір сүрмейтін шет жердегі жер емес, қаланың іші. Тіпті жанымызда Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Түрксіб ауданының әкімдігі де орналасқан. Неге осы мекемелердің барлығы қадағаламасқа? Алаңдарымыз жай қараусыз жатыр. Бұған дейін көршілер кезектесіп жинап келдік. Бірақ қашанға дейін көршілер өзгенін шашып кеткен қоқысын артынан жинай береді? Өзім де қолым босағанда қыста қарын күреп, жазда қоқысын жинап тұрамын. Бұндай бассыздық қашанға дейін созыла береді. Ішкі істер бөлімі де қадағалап, участок инспеткорлары күнде кешкілік ауладағы тыныштықты бақылап, балалар алаңын ластамауына, ішпеуіне шара қолдану қажет. Олай болмаған жағдайда, маскүнемдердің ішкен бөтелкелерінен балалар зардап шегуі әбден мүмкін. Сондай-ақ әкімдік ауданның тазалығына көңіл бөліп қоқысты жинайтын, аула сыпырушыларды біздің аудынымызға бөлулері тиіс, – дейді Нұржан Бейсенбайұлы.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 14:38
Қазақ балалары – Венада
А.ЖАБАЙ 23.09.2022, 08:37
Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
Жадыра МҮСІЛІМ 22.09.2022, 17:25
Скринг саулықтың кепілі ме?
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:14
"Орташа тариф 250 теңге болады" - Алматы әкімдігі автобустарда жол жүру ақысы туралы айтты
Нұрлан ТОБАҚАБЫЛОВ 21.09.2022, 08:48
Министр мұғалімдерге «мат» қойды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2022, 14:47
Жебе ұшындағы бөгет кімнің мүддесін көздейді?

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41