Алматыда жүк көлігінен секіріп кеткен жүргізуші көз жұмды

Сайт әкімшілігі

04.11.2020, 08:52

1281

Тежегісі істен шыққан жүк көлігінен секіріп кеткен жүргізуші Алматыдағы ауруханада қайтыс болды. 

3 қарашада Дулати және Набережная көшелері аумағында жол апаты болды.

Жүк тиеген Shacman көлігі Nissan Maxima-ға соғылып, аялдама мен трансформаторды жұлып, содан кейін көпқабатты үйдің ауласына сүйретіліп барып бір-ақ тоқтады. Жүк көлігінің жүргізушісі апат кезінде көліктен секіріп кеткен. Барлық соққыдан кейін жүк көлігінің кабинасы мыжылып қалған.

Денсаулық сақтау басқармасы 1973 жылғы науқас Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне шұғыл түрде келіп түскенін хабарлады.

Жедел жәрдем дәрігерінің айтуынша, науқастың дене жарақаттары 3 қараша күні орын алған апат салдарынан алынған.

— Бригада ауыр жағдайда науқасты Орталық клиникалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізді. Барлық мамандармен бірге нейрохирург, травматолог дәрігерлер де зардап шегушіні тексерді. Операция алдындағы дайындық тексеруден кейін оны денсаулығына байланысты бірден отаға жатқызды, — дейді Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дәулет Шүкіманов.

Алматы қалалық полиция департаменті жүргізушінің қайтыс болғанын растады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:12
«Мектепке жол». Атырауда бірінші сынып оқушысына 10-сынып оқушысының формасы берілген
Сайт әкімшілігі 08:58
"Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 18:21
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 17:42
Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 14:38
Әлемдегі ең қымбат дәріні еккен қазақстандық бала көз жұмды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 07:00
Алматыда nFactorial жазғы бағдарламалау лагерінің жабылу салтанаты өтті

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49