Алматыда «Жұмыспен қамту-2020» аясында 20,5 мың жұмыс орны құрылды

Еркежан АРЫН

24.11.2020, 21:04

44

Алматы қаласында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға екі жүзден астам қалалық кәсіпорындар іске қосылды. Нақтырақ айтқанда, «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы аясында Алматыда үш бағыт бойынша 226 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда:

· Күрделі және ағымдағы жөндеу, әлеуметтік-мәдени нысандарды қайта құру;

· Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта құру.

· Инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта құру және салу.

Сонымен қатар, жалған жұмыспен қамту фактілерін болдырмау мақсатында қала әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы Орталық арқылы жіберілген жұмыссыздарды бақылайтын болады. «Нұр Отан» партиясының бақылау тобы мемлекеттік органдардың өкілдері мен Орталық қызметкерлерімен бірге іс жүзінде жұмысшыларды тексеру мақсатында нысандарға барып қайтты.

Бағдарламаның мақсаты – инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермей, халықтың жұмыспен қамтылу мәселелерін жедел шешу.

Алматыдағы жұмыспен қамту орталығының маманы Гүлзинат Мейірбекованың айтуынша, коронавирус пандемиясы кезінде жүгінушілер көбейген:

— Орталыққа көптеген жұмыссыз азаматтар жүгінеді, Алматы қаласы бойынша жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша бүгінде 226 жоба бар. Өтініш берушілер нысандарға жіберілді, нысандардың 50%-і жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын аяқтады, ендігі күрделі жөндеу жұмыстары қалды, — деді.

Өтініш берушілер инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыратын мердігерлік жұмыс берушілерге жіберіледі – аулаларды, жолдарды, балабақшаларды күтіп ұстау және жөндеу сияқты жұмыстарға тартылады.

Қараша айында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы жетекшісінің орынбасары Данияр Әлкебайұлы жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және жұмыс орындарын құру туралы айтып өткен болатын:

«Халықтың осал топтарын әлеуметтік тұрғыдан қорғау – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі функцияларының бірі. Коронавирустық инфекцияның таралуы және онымен байланысты карантин кезеңінде халықтың әлсіз топтарына әлеуметтік қолдау көрсету қала басшылығының басты басымдығына айналды. Қызметкерлердің орташа жалақысы 92 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, тар шеңберлі мамандар іске асырылып жатқан жобалар аясында 200-350 мың теңгеге дейін жалақы ала алады», — деді Д.Әлкебайұлы.

Бағдарлама басталғалы бері Орталық міндетті зейнетақы төлемдерін төлемеу фактілерін анықтады. Осы фактілерді жою үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне мердігер ұйымдар туралы ақпарат жіберіледі.

Бүгінгі күні қала бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 20,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды (79%), Орталық арқылы 10 мыңнан астам адам жіберілген, оның 8,7 мыңы ер адамдар, ал 1,8 мыңы әйелдер. Жұмыспен қамтылған жастардың үлесі 37,4%-ті құрайды.

Тұрақты жұмыспен қамту жобалар аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады (мектептер, балабақшалар және т.б.), онда 1,9 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Биылғы жылдың екінші тоқсанында карантиндік және шектеу шараларын енгізуге байланысты жол картасын іске асыру кезінде Орталықта тіркелген тиісті жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалды.

Осыған байланысты, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Еңбек кодексі аясында жұмысқа орналасу шарттарын қайта қарауға қатысты ұсыныстар жіберілді.

Ақпарат үшін айта кетейік, өткізілетін конкурстарды әкімшілер бойынша үйлестіруді Мемлекеттік активтер департаменті, бюджет қаражатын игеруді – қалалық Стратегия және бюджет бөлімі жүзеге асырады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешу мақсатында әзірленді және әлеуметтік, инженерлік-көлік инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы қосымша жұмыс орындарын құруға, жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін анықтады. экономика, елді мекендерді абаттандыру.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс берушілер беретін жалақыларынан бөлек 85 мың теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек (көтерме ақы) төлейді. Бүгінгі күні 592 қызметкерге төлем жасалған.

Айта кету керек, Халықты жұмыспен қамту орталығы жобалардың іске асырылуын және құрылған жұмыс орындарының жұмыспен қамтылуын бақылайды. Барлық индикаторлар күнделікті «Жұмыс орындарының мониторингі» жүйесіне енгізіледі. Күнделікті мониторинг барысында қанша қаражат бөлінгені, қандай бағдарлама, мамандыққа сәйкес, қанша жұмыспен қамтылғандығы және т.б. бақыланады. Сонымен қатар, «Нұр Отан» ХДП-ның Алматы қаласындағы филиалымен бірге жұмыс жағдайын бақылау үшін мониторинг жүргізіліп отырады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16:10
Ковид өршіп тұрғанда мектеп асханаларын ашу қаншалықты негізді?
Бифат ЕЛТАЕВА 15.01.2021, 09:03
Орыс мектептерінде қазақ тілінің жайы қалай?
Сайт әкімшілігі 14.01.2021, 13:10
Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 16:00
Президент мақаласынан кейін қазақ тілінде сөйлеу клубы ашылды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 12:00
Қытайда коронавирус қайта таралып жатыр
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 09:45
Ішкі істер министрлігі жолда абай болуды ескертті

Аңдатпа


  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33