Алматыдағы тұрғын үйлерде заманауи экопункттер пайда болады

Сайт әкімшілігі

30.03.2023, 16:59

1273

KMF компаниясы Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясымен және Ecoplatform Kazakhstan компаниясымен бірлесіп пластикалық бөтелкелерді жинауға және одан әрі өңдеуге арналған сауда автоматтарын орнату жобасын іске қосуда. Оңтүстік астананың бес тұрғын үй кешенінде алғашқы автоматтар орнатылады. Бұрын мұндай құрылғылар қаланың ірі сауда үйлерінде ғана жұмыс істейтін. KMF Басқарма төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханова:

— Қоршаған ортаға қамқорлық KMF стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Біз жауапты қаржыландырудың және қоршаған ортаға қатынастың барлық принциптерін ұстанамыз. KMF «Жасыл кеңсе» жобасына қатысады, оның аясында біз кеңселерде қағаз бен пластикті пайдалануды азайтып, қалдықтарды сұрыптаймыз. Біздің компания сонымен қатар ЕҚДБ GEFF экономика үшін жасыл қаржыландыру бағдарламасының серіктесі болып табылады. Сауда автоматтары жобасы – жауапты тұтыну мен қоршаған ортаны жақсартудағы тағы бір қадам. Мүмкіндігінше қазақстандықтар атсалысып, экологиялық бастамаларды қолдауы үшін мұндай құрылғылар болашақта әрбір тұрғын үйге орнатылады деп сенеміз, – деп сенім білдірді.

Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясы KMF және Ecoplatform Kazakhstan компанияларымен жоба аясында бес тұрғын үй кешенінде тұратын 2 мыңнан астам тұрғынды қамту жоспарланып отырғанын атап өтті. Фандоматтар келесі мекенжайларда орнатылады:

1. «Алтын заман» тұрғын үй кешені, Сәтбаев көш., 9Б;

2. « Sholpan City» тұрғын үй кешені, Торайғыров көш., 27/1;

3. « Central Esentai Residence» тұрғын үй кешені, Көктем-3 ықш., 24;

4. «Almaty Towers» тұрғын үй кешені, Достық даңғылы, 160;

5. « Remizovka» тұрғын үй кешені, 6-жол, 25/1.

Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов:

— Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясы жылжымайтын мүліктің маңызды бағыттарының бірі – Қазақстандағы тұрғын үй қорын басқару жүйесін жетілдіру және жаңғырту бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Көппәтерлі тұрғын үйлердегі тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) бөлу мәселесі енді тұрғын үй кешендерінде сауда автоматтарын орнату бойынша бірлескен жобаға әкелді. Қазір сауда ойын-сауық орталығына арнайы барып, контейнерлерді өңдеуге тапсыратындар көп. Көппәтерлі тұрғын үйлерде мұндай пункттердің ұйымдастырылуы тұрғындарды экологиялық бастамаларға тарту мен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәдениетін арттырады. Бұл жобаны KMF және Ecoplatform Kazakhstan қолдағанына қуаныштымыз. Жақында республикадағы әрбір тұрғын үй кешені автоматтармен жабдықталады деп сенемін, – деді.

Фандоматқа көлемі 2,5 литрден аспайтын 500 бөтелке (пластик пен алюминий) сыяды. Контейнердің сұйықтықсыз, бірақ штрих-кодпен таңбаланғаны маңызды. Оның көмегімен бағдарлама бұл шынымен бөтелке екенін оқиды. Жиналған соң қалдықтар қазақстандық ПЭТ бөтелкелерін қайта өңдеу зауыттарына жібереді. Одан әрі алынған шикізаттан синтетикалық қыстауыш, құрылыс материалдары жасалады, жиһаз өндірісінде және жол құрылысында да қолданылады. «Экоплатформа Қазақстан» бас директоры Әділет Нұрселинов:

— Біздің жобаның құндылығы мен ерекшелігі сол, бұл терминал тек пластик бөтелкелер мен алюминий ыдыстарды, яғни басқа заттарды қабылдайды, ол жерге биологиялық қалдықтарды тастау мүмкін емес. Екінші артықшылығы – біз бонустық бағдарлама арқылы пайдаланушыға қатысуға және қоршаған ортаны қорғауға мотивация береміз. Біз Ecoplatform:RVMs&Bonuses қосымшасын іске қостық, жинақталған бонустарды әртүрлі жеңілдіктер мен акцияларға айырбастауды ұсынатын адалдық серіктестері бар. Әріптестер тізімі үнемі жаңартылып отырады. Ал үшінші артықшылығы – мұндай сауда автоматтары қалдықтарды бөліп алудың тиімді әдісі болып саналады. Германия, Швеция, Норвегия, Финляндия сияқты дамыған елдердің тәжірибесі қалдықтарды жинау мен сұрыптаудың жоғары қарқынын көрсетіп отыр, – дейді.

Әзірге KMF, Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясы және Ecoplatform Kazakhstan бірлескен жобасы аясында 5 сауда автоматын орнату жоспарлануда. Алдағы уақытта тараптар құрылғылар санын көбейтуге болатынын жоққа шығармайды. Ал бұл жерде көп нәрсе қоқыстарды бөлек жинауға және оны өңдеуге жауапкершілікпен қарайтын қазақстандықтардың өздерінің хабардарлығына байланысты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 18:00
«Жасыл Қазақстан» экологиялық мәдениетімізді көтере ала ма?!
Жанна АХАТҚЫЗЫ 15:26
Әйел өз құқығын білуі керек
Досхан ЖЫЛҚЫБАЙ 13:13
ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ...
Нұрболат ӘЛДИБЕК 09:37
Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
Сайт әкімшілігі 07.06.2023, 17:40
Маңғыстау туризм орталығына айнала ма?!
Еркежан АРЫН 07.06.2023, 14:15
QR-код: тұтынушының құқын қорғай ала ма?

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00