Алматыдағы жаңа жол айрыққа 5,6 миллиард теңге жұмсалмақ

Сайт әкімшілігі

19.07.2021, 11:05

789

Алматының Алатау ауданындағы Сайын және Мөңке би көшелерінің қиылысында жаңа жол айрығы салынады.

Жалпы жобаға 5,6 миллиард теңге жұмсалады деп жоспарланып отыр.

Мемлекеттік сатып алу сайтында Сайын мен Мөңке би көшелерінің қиылысында жол айрығын салу қажеттілігі туралы хабарлама пайда болды. Бүгінде өтінім қабылдау жүріп жатыр. Болжам бойынша, құрылыс-монтаждау жұмыстарына 5,68 миллиард теңге жұмсау қажет. 

Алматы қалалық Мобильділік басқармасы құрылыс мерзімі 24 ай болатынын хабарлады. Нысанның төлқұжатына сәйкес, жұмыстар 2023 жылдың маусым айында аяқталады. Сондай-ақ, басқарма өкілдері Сайын көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін тесу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

«Бүгінде Сайын көшесінің ұзындығы 3,2 шақырым. Жер учаскелерін алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде жер учаскелерін алу талап етілмейтін ұзындығы 1,6 шақырым учаскеде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстарды аяқтау 2023 жылға жоспарланған», – деді басқарма өкілдері.

Тегтер: құрылыс жол айрық жұмыс жер телімі

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 19:23
Өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31