Алматыдан Нұр-Сұлтанға бір кило есірткі жеткізген күдікті ұсталды

Сайт әкімшілігі

18.04.2022, 18:00

1007

Қарағанды тас жолында кезекшілік еткен полицейлер оғаш жүрісімен көзге түскен ер адамды тоқтатып, орман алқабында неліктен жүргенін сұрады. Ол зираттан келе жатқанын айтқанмен сөйлеген сөзінен алаңдаушылық байқалған. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Астана — Что? Где? Когда?» Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Тәртіп сақшылары оның телефонындағы суреттерді пайдаланып, аумақты мұқият аралап шықты. Нәтижесінде ағаштың түбінде жасырылған зат табылды. Анықтай келе пакетте 1,25 килограмнан астам синтетикалық есірткі салынған «Мефедрон» және «Альфа-РVР» табылды.

Ұсталған азаматтың «синтетиканы» Алматыдан елордаға жеткізгені және оларды елордада өткізуді жоспарлағаны белгілі болды.

Тәркіленген есірткі құралдарының саны 6 мыңнан астам бір реттік дозаны құрайды. Ал олардың «қара» нарықтағы құны 25 млн теңгені құрайды.

Тегтер: қылмыс тергеу тексеру полиция есеп

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01