03.12.2020, 16:48
1636
15-16 желтоқсан аралығында Алматыда қатаң карантин енгізу жоспарланбаған. Бұл туралы әкім Бақытжан Сағынтаев «Алматы инвестициялық форумы-2020»-да айтты, деп хабарлайды «Жас Алаш».
«Желтоқсан айының ортасында карантиннің күшейтілуі туралы қауесеттер қайдан шыққанын білмеймін», — деді Бақытжан Сағынтаев.
Оның айтуынша, 2 желтоқсанда Алматы «сары аймақта» болған. «3 желтоқсанда біз Денсаулық сақтау министрлігінен мәлімет алдық: Алматы қайтадан «жасыл»аймаққа кірді. Біз үнемі шекара аймағындамыз: бір күні «сары» аймаққа, екінші күні «жасылға» ауысамыз», — деп түсіндірді Алматы әкімі.
Бақытжан Сағынтаев қаладағы эпидемиологиялық ахуал тұрғындар мен кәсіпкерлердің жауапкершілігіне байланысты екенін баса айтты.
«Егер біз санитарлық эпидемиологиялық қызметтің талаптарын орындамасақ, бетперде кимесек, әлеуметтік арақашықтықты сақтамасақ, барлық талаптарды сақтамасақ, онда жағдай нашарлай түседі. Әрине, аурушаңдық өседі. Біз қатаң карантин болмайды, бұғаттау болмайды деп ойлаймыз. Бәрі өз қолымызда, — деді мегаполистің басшысы.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР