01.09.2019, 16:26
91
Алматы қаласыәкімінің орынбасары Ержан БАБАҚҰМАРОВ білім күні қаладағы№12 мектеп-гимназиясына Қажымхан МӘСІМОВТІҢ «Аманат»кітабын сыйға тартты. Бұл туралы «Жас АЛАШ»қала әкімдігінің Телеграм-каналына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қажымхан Қасымұлы Мәсімов бұл мектептегі қамқоршылықкеңесін құрушы және бірінші төрағасы болған. Оның басшылығымен әлеуметтікжағдайы төмен отбасылар мен талантты педагогтарды қолдау шаралары қолға алынды.Бұл мектепте әйгілі әнші Күләш БӘЙСЕЙІТОВА, суретші Әбілхан ҚАСТЕЕВ, биші шараЖИЕНҚҰЛОВА, композитор Нұрғиса ТІЛЕНДИЕВ, мемлекет қайраткері Асқар ҚҰЛЫБАЕВ,жазушы Смағұл ЕЛУБАЙ білім алған», — делінген әкімшіліктің хабарламасында.
Қажымхан МӘСІМОВ– ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім МӘСІМОВТІҢ әкесі. Көзітірісінде Қажымхан ҚАСЫМҰЛЫ бизнеспен айналысқан. Спорт және туризмакадемиясының құрметті профессоры деген атағы да болған еді. «Аманат» кітабындаавтор өзі және отбасы хақында, өмір кезеңі жайлы баяндайды. Сондай-ақ,замандастары туралы естеліктер айтып, өмірден алған сабақтары жайлыәңгімелейді.
Коллаж: Жас АЛАШ
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР