«Алматыметроқұрылысында» олигархтар айқасып жатыр

24.10.2019, 19:47

4

Күндіз күннің бетін көрмей, жер астында ауыр жұмысістеп, метро салып жүрген шахтерлар, жұмысшылар алматылық тілшілергеакционерлер тартысы, акцияға арест қою, қылмыстық істі тергеудің қыры мен сыры,азаматтық істің мәні, алпауыт мекеменің қаржылық қарымы мен қиындығы және қоғамназарын өздеріне аударып, президентке өтініш талап айтудағы саяси мәдениеттімеңгергендерін паш етті.

Мыңға жуық жұмысшының осыншама ауқымды құқықтық,әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселеге сауатты боп алуына акционерлерарасындағы тартыс себеп болыпты.

Сонымен, «Алматыметроқұрылыс» мекемесінің жұмысшылары қазанның 24-күні  жер бетіне шығып, салынып жатқан «Сары-Арқа»станциясының ауласында журналистермен жүздесті. Мақсат, талаптары осы мекеменіңдиректорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимовке қатысты қозғалған қылмыстықіске  жұрт  назарын аудару. 

«Алматыметроқұрылыс» акционерлік қоғамының құқықтықмәселелері бойынша директоры Батыр АДАЙБАЕВТЫҢ тілшілерге айтуынша, директорларкеңесінің төрағасы Қайрат РЕИМОВҚА қатысты 2019 жылдың наурыз айында алааяқтықжәне банк қарызын төлемеуі айыбымен іс қозғалған.  


«Істі ең алдымен Ұлттыққауіпсіздік комитеті қарап, қылмыс таппады. Одан экономикалық тергеудепартаментіне берілді. Одан Алматының полиция департаментіне өтті. Содан  бастап тергеушілер мекеме акциясына арест қоябастады. Әзірге Қайрат Реимов бостандықта, бірақ, соңы не болады? Оны үнемітергеуге шақырып жатыр. Жұмысқа қараына мұрша бермеуде. Тергеу шақыруменшектелмесе ше?  Мекеменің жұмысшыларықатты алаңдап отыр.  Бүгін сіздерге осыжағдайымызды айтсақ дейміз. «Сары-Арқа» мен «Достық» станциясының құрылысықазір қызу жүріп жатқанымен тергеу жұмыстары атқарылуы ауыр құрылысқа кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондай күнгежетпесек дейміз»,–дейді Батыр Адайбаев.

Басшылары алдында бір үйді баласындай ортаға жиылғанелу шақты жұмысшының сөзі бір: метроқұрылысындағы барлық жұмыс – қаржы табу,құрылыс материалдарымен, қондырғылармен қамтамасыз ету бәрі бәрі тергеудегіҚайрат Реимовке байлаулы.

Сондықтан, мекеме басшысына бірдеңе болса, күллі метрожұмысы тоқтап қалмақ. Ал бұл дегеніңіз, метро құрылысының уақытында аяқталмауы,мыңдаған жұмысшының еңбекақысыз қалуы екен.  

«Алматыметроқұрылыс» мекемесінің бас директоры Ерлан ӘБЖАПАРОВқатардағы жұмысшылардың бұл сөздерін одан әрі салмақтай түсті.

Оның сөзінше, қазір мекеменің акциясына арестқойылған, бірақ, ертең мекеме мүлкі мен қаржысы бұғатталуы мүмкін.  Ал мұның соңы жұмысшыларға еңбекақыларынтөлемеу, құрылыс материалдарының ақысын бермеу, қосалқы мекемелер алдындақарызға бату болмақ.


«Метро құрылысы жүріп жатқаныменбасшылықтың тергеуге алынғаны, акциямызға арест қойылғаны ұжымның көңілін бұзыптұр.  Ертең не болады дегенгеалаңдаулы.  Метро құрылысы бір тоқтаса,қайта қозғалуы өте қиын дүние. Стратегиялық, әлеуметтік  маңызы бар нысан мемлекет пен қалабасшылығының қарауында. Егер тергеу орындары жағдайды қиындата түссе, ұжыммемлекет басшысына шықпақ»,– деді бас директор Ерлан Әбжапаров.

Ал тілшілердің алдына шығып қысқа-қысқа сөйлегенжұмысшылар «Метро алып дөңгелек. Бір тоқтаса, қайта айлануы өте қиын. Сондықтанкоммерциялық тартыстар бұл құрылысқа әсер етпеуі тиіс» деді. Олардың бұлсөздері тергеуші сендерге айтам, акционерлер тыңдаңдар дегенге келіңкіреді.

Бас директор Ерлан Әбжапаровтың «ЖасАлаш»тілшісіне айтуынша, «Алматыметроқұрылыстың» 61 пайызы тергеуде жүргенҚайрат Реимовке, ал 39 пайызы белгілі миллионер кәсіпкер Дінмұхамед ЫДЫРЫСОВҚАтиесілі.

Ал екеуінің арасындағы бұл дау Дінмұхамед Ыдырысовтыңшағымынан кейін басталған. 

«Алматыметроқұрылыс» жұмысшылары акционер арасындағыкоммерциялық істі тергеушілер қылмыстық іске айналдырмай, ол азаматтық істіңшеңберінде қаралса дейді. 


Диктафонды өшірген соң тілімделген жұмыс киіміненшаңның иісі мүңкіген,  басындағы қызылкаскасына бір елі тердің майы байланған елу жасты еңсерген жұмысшыны сөзгетартып көрдік.

«Акционерлер айтысы сағызшасозылса, жұмыс тоқтаса,  біз аш қаламыз.Бала-шаға бар, асырау керек. Әйтпесе, олардың дауы не керек? Бұрын проблема жоқеді. Бәрі RBK банкінен басталды ғой (Дінмұхамед Ыдырысовта осы банкткің 9,89пайыз акциясы болған). Банкті президент жап деді ме, сат деді ме, әйтеуір соданшыққан проблема  жетті ғой»,–деп бізге бір күліп қарап,  жұмыс орнына қарай бет алды.   

Ілесіп жер астына бірге түссең, саяси әңгіменіңтізгінін жібергелі тұр.


Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34