Алматының бас санитары Бекшиннің қаулысы қайта жаңарды

Сайт әкімшілігі

17.03.2021, 10:31

1047

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің «Алматы қаласында коронавирус инфекцияның алдын алу жөніндегі шаралар туралы» жаңа қаулысы жарияланды. 

Қаулыға сәйкес, жұмыс күндері қоғамдық көлік әдеттегідей жүретін болды. Демалыс және мереке күндері мынадай шектеулер қойылады:

Таңертеңгі жұмыс уақыты – 6:00-ден 10:00-ге дейін, кешке – 17:00-ден 2:00-ге дейін жүреді. Сенбі, жексенбі күндері сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің жұмысына тыйым салынады.

Мереке күндеріндегі жұмыс уақыты былай шектеледі: таңғы сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін; жұмыс күндері — сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін. Супермаркеттер, гипермаркеттер, тамақ өнімдерін сататын сауда желілері сағат 06:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істейді; азық-түлік дүкендері, шағын базарлар 06:00-ден 24:00-ге дейін; сауда желілері және азық-түлік емес дүкендерге (жеке) таңғы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат.

Жабық және ашық базарлар (азық-түлік сататын және азық-түлік сатпайтын) сенбі мен жексенбіде жұмыс істемейді. Жұмыс күндері сағат 06:00-ден 17:00-ге дейін; мереке күндері жұмыс уақыты 10:00-ден 17:00-ге дейін шектеледі. «Медеу» мен «Шымбұлақта» жаппай сырғанауға тыйым салынады. Келушілер саны 50% -ға (1000 адамға дейін) азайтылуы керек. «Шымбұлақ» тау курортындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 7:00-ден 21:00-ге дейін, тек жазғы алаңдардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі; Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Қазпочта» АҚ бөлімшелері алдын ала жазылу бойынша таңғы сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың) қызметіне тыйым салынады. Банкет және басқа да шараларды өткізуге болмайды.

Ұқсас материалдар: Алматы жабыла ма, қатаң карантин енгізіле ме — Сағынтаевтың жауабы

Алматы облысында локдаун енгізіледі

Бекшин Алматыда қашан локдаун болатынын айтты

Тегтер: карантин шектеу коронавирус локдаун

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 17:42
Нұр-Сұлтанда жолда төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 13:27
Алматыда Аяжан Еділованың жерлеу рәсімі өтті
Еркежан АРЫН 16.04.2021, 02:13
Ресей - әскери-стратегиялық серіктес
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.04.2021, 14:38
Доскейдегі дәруіштің күйін кешкен донор
Мәлік ОТАРБАЕВ 14.04.2021, 16:07
БІЗ КҮТКЕН БАҚЫТ

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24