Алматының бас санитарын 36 дәрігер сотқа бермекші

14.04.2020, 13:08

40

Медицина қызметкерлерінің ашуын тудырып, сотқа дейін жеткізіп жатқанбірнеше мәселе бар. Ең біріншісі мынау: Алматының бас санитары АйзатМолдағасымова Еуропадан келгесін, үйінде карантинде жатып-ақ ірі көлемде сыйақыжаздырып алыпты. Бұл туралы дәрігер Қайырғали Көнеев әлеуметтік желідегіпарақшасында жариялады. «Электрондық үкімет арқылы Айзат Молдағасымованыңжақында ғана медицина қызметкерлеріне көрсетілуі тиіс қаржылық көмек көрсететінкомиссияға кіргенін білдім. Молдағасымова 26 ақпаннан бастап наурыздың алғашқыаптасына дейін жұмыста болмаса да өзіне екі рет сыйақы жаздырып алған. Кейінөзінің айтқанынан белгілі болғанындай, 2-8 наурыз аралығында Еуропаға барыпкеліпті. Франкфурт арқылы кері қайтарда коронавирус жұқтырғандармен байланыстаболған. 10 наурызда келе салып, со күні жұмысқа шыққан. 13 наурызда әкімдіктежурналистер үшін брифингке қатысып, Франкфурттен оралған ұшақтағы науқастарменқатар келген 500 адамды іздеп-табу туралы сөз сөйледі. Сөйте тұра, өзінің десол ұшақпен келгенін жасырып қалды. Науқастармен байланыса отырып, брифингөткізгені барлық санитарлық нормаларға қайшы келетінін біле тұра, қызметінеадалдық танытпады» деп айыптайды.

Айзат Молдағасымова өзінің сол ұшақпен келгенін ел біліп қойғасын, 25наурызға дейін карантинге жатты. Қайырғали Көнеевтің айтуынша, АйзатМолдағасымова Гиппократ антына адалдық танытпаған.

«Сәуір айының басында медицина қызметкерлерін қаржылай демеу үшін Халықбанк 33 млн теңге бөлгені белгілі болды, – деп жазады Қ.Көнеев. – АйзатМолдағасымова сол сыйақыдан өзіне ең үлкен бөлігін жазып алды. Сондай-ақ,тізімде бұрын қызметтен кетіп қалған адамдардың аты-жөндері де бар. Ал қаланыңбірнеше ауданындағы қарапайым санитар-дәрігерлер сыйақыдан түк те алған жоқ».

Айзат Молдағасымова дәрігер Қайырғали Көнеевтің жазбасында айтылған сыйақыбойынша тайғанақтау түсініктеме берді. «Мен сыйақыны өзіме-өзім жазып алғанымжоқ. Комиссия мүшелері бөлген мемлекеттің ақшасынан сыйақы алдым. Артық ештеңеде алмадым» деп мәлімдеді. Ал дәрігер Қайырғали Көнеев болса, АйзатМолдағасымованы «жұмыстан тыс уақытта және Халық банк бөлген қаржыдан сыйақыалды» деп айыптайды.

Айтпақшы, Халық банк бөлген қаржыдан Айзат Молдағасымованың да сыйақыалғанын растайтын құжат біздің де қолымызға түсті. Онда АйзатМолдағасымованың аты-жөні тізімде бірінші қатарда тұр.

Дәрігерлердің төзімін тауысқан оқиға былай өрбиді.

Естеріңізде болса, Айзат Молдағасымова «коронавируспен күреске толық дайынбыз»деп 4 ақпан күні халық алдында есеп берген еді. «Біздің қызметкерлердің барлығымедициналық костюмдармен және жеке қорғаныш құралдарымен толық қамтамасызетілді» деген болатын.

Енді Алматыдағы №12 ауруханада коронавирус жұқтырған дәрігерлердің саны 50адамнан асқанда Айзат Молдағасымова кінәні дәрігерлердің өзіне артып, тағы дасудан ақ, сүттен таза болып шыққысы бар.

«Жаппай індет жұқтырудың ең басты себептерінің бірі – медицинақызметкерлерінің сақтық шараларға көңіл бөлмеуі, – деді бас санитар. – Болуыкерек сақтық шарасы болмаған. Бәлкім, олар бұл жерді жұқпалы аурулар стационарыемес деп ойлаған шығар. Бәлкім, мұншама көппіз деп те ойламады ма екен. Жекеқорғаныс құралдарымен, атап айтқанда маска, костюм, қолғаппен қызметкерінкерегінше қамтамасыз ету – бас дәрігердің жауапкершілігі. Артығымен алып қоюыкерек еді. Бір күнге емес, 10 күнге емес, бір айға жететін қормен қамтамасызетуі керек».

Ал дәрігерлер Айзат Молдағасымова өзінің бақылаушы қызметін орындай алмадыдеп айыптайды. «Тазалық-індет қызметі әрқашан бақылап отыруы тиіс. Мұншама көпқызметкердің індет жұқтыруына уақытылы бақылау жүргізе алмаған Алматы қаласыныңсанитарлық қызметі кінәлі. Айзат Молдағасымова өзінің жауапкершілігін кезектірет басқаларға, қалалық орталық аурухана қызметкерлері мен қоғамдық денсаулықсақтау басқармасына артып жібермекші», – дейді.

Енді ашынған дәрігерлер Алматы қаласының бас санитары Айзат Молдағасымованысотқа бермекші.

Тоқтар ЖАҚАШ


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Миуа БАЙНАЗАРОВА 27.10.2020, 11:21
Өртенген қойдың құнын кім өтейді?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 27.10.2020, 10:19
Жесірді жылатқан жер дауы
Әділ КЕМЕҢГЕР 27.10.2020, 09:38
"Байдың малын байғұс қызғана ма?"
Сайт әкімшілігі 26.10.2020, 11:17
COVID-19: 119 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 26.10.2020, 09:20
"Қиыны әлі алда" АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді
Сайт әкімшілігі 26.10.2020, 09:13
Министрлік соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан қанша адам қайтыс болғанын айтты

Аңдатпа


  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04
  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28