Алты ай іздеуде болған әйелдің денесі табылды

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

23.04.2021, 09:06

1741

Бұқар жырау ауданы Тоғызқұдық ауылының тұрғыны әйелін өлтіріп, кейін өзіне-өзі қол салған.      Қыркүйектен сәуір айына дейін үш баланың анасы Октябрь Балбидің өлі не тірі екенін туыстары білмеген. Отбасында ұрыс-керіс көп болған соң, ол Теміртаудағы әпкесінің үйіне кетіп қалған. Бірнеше ай осында тұрған соң, күйеуіне хабарласып, 22 қыркүйекте Тоғызқұдық ауылына барып, кіші қызын алып келмек болған. Содан кейін туыстары Октябрь Балбиді көрмеген. Ал күйеуі полицияға әйелінің жоғалып кеткенін мәлімдеген.  Әйелдің туыстары күйеубаладан күдіктеніп, полицияға арызданған. Кейін желтоқсан айында Октябрь Балбидің күйеуі өзіне-өзі қол жұмсап, өмірден озады. Қыс бойы әйел адамның туыстары Тоғызқұдық ауылының маңынан оның мүрдесін іздеп шығады. Бірақ оның денесі тек 17 сәуірде Тоғызқұдық ауылы жақтағы далалық аймақтан табылған. Куәгерлердің айтуынша, марқұмды шұңқырға тастай салған. Октябрь Балбидің  туыстары «Бұқар жырау ауданының полиция қызметі бастапқыда бұл қылмысты ашқысы келмеді» деп наразылық танытуда.        – Қараша айында күйеубаланың өзі барып, әйелін өлтіргенін полицияға айтқан. Алайда полициядағылар оны тұтқындамаған, айғақ заттарды іздемеген. Сол кезде полиция жедел қимылдаса, бұл тез ашылатын қылмыс еді. Бота жоғалған соң (біз марқұмды солай атайтын едік), 20 күн өтпей жатып күйеуі  балалардан бас тартып, оның үш баласын әпкесі қамқоршылығына алып, құжаттарды рәсімдеген. Олар сол кезде Ботаның өлгенін білген. Біз қазіргі уақытта істің қайта тексеріліп, қаралуын талап етеміз. Өйткені сіңлімді жалғыз күйеубала емес, басқа да адамдар өлтіруі мүмкін. Біз қараша айында «іс жүрмей тұр» деп полиция департаментіне шағымданған едік. Сол кезде Ислам Мусин деген полицей бұл істі қолға алған соң ғана бір қозғалыс пайда болды. Кейін бізге Бұқар жырау аудандық полициясынан тергеушінің, бастық орынбасарының және Тоғызқұдық ауылы учаскелік полиция уәкілінің жұмыстан кеткенін хабарлады. Полицияның істі дұрыс қарай алмай, уақыт жіберіп алатыны өкінішті, – дейді марқұмның әпкесі Сайран Балби.       Қазіргі таңда полиция қызметкерлері марқұмның денесіне сараптама жасап, тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Тұрмыстық жанжалдың кесірінен өмірі қиылған әйелдің   жақындары  облыс әкіміне  дейін барып, қылмыстың толық ашылуын талап етуде.

Тегтер: қылмыс қатыгездік тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 09:15
Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 6 637 жағдайы тіркелді
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 26.07.2021, 09:10
Жұрт кімге, неге сенерін білмей жүр?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 23.07.2021, 08:49
Өзге елдер вируспен, ал біз жемқорлықпен күресіп жүрміз

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55