«Алтын белгі» иегерлері үш айдан бері сыйлықтарын ала алмай жүр

Сонда олар қашықтан қалай оқымақ?

Мариям МАҚСАТ

06.09.2020, 05:04

454

Биыл Павлодар облысында 118 мектеп түлегі «Алтын белгі» иегері атанды. Жергілікті әкімдіктер оларға қаржылай сыйақы мен гаджеттерді тарту етті. Алайда, Шарбақты ауданындағы 11 бірдей оқу озаты мұндай сыйдан қағылып отыр. Неге?

Мектеп түлектерінің айтуынша, 3 маусым күні «Алтын белгі» иегерлеріне ноутбук алуға сертификаттар үлестірілген. Бірақ техниканың өзі әлі күнге дейін жастардың қолына жетпеді.

«Жоғары оқу орындарындағы сабақтардың қашықтан жүргізілетіні белгілі. Біз әкімдік беруі тиіс сыйлыққа сеніп, ноутбук, компьютерлер алған жоқпыз. Енді университеттегі сабақтарымызды қалай оқуымыз керек? Телефон арқылы ма? Сұраудың өзі ыңғайсыз, бірақ уәде еткен сыйлықты беретін кез келген сияқты. Бір емес, бақандай үш ай өтті ғой», — деп түлектер әлеуметтік желілерде пікірлерін ашына жазды.

Бұған қатысты Шарбақты аудандық білім беру бөлімінің басшысы Маралбек Итемгенов мынадай түсініктеме берді:

«Биыл аудан мектептерінің 11 түлегі «Алтын белгі», 6 оқушысы «Үздік аттестатпен» оқуды тәмамдап, оларды ынталандыру мақсатында аудандық бюджеттен 1,5 млн теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алулар арқылы 4 маусымда ноутбуктер мен планшеттер сатып алуға өтініштер берілді. 13 шілдеде «Үздік аттестат» алған алты түлекке планшеттерді табыстадық. Ал ноутбукқа қатысты өткен екі бірдей мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесіз аяқталды. Біріншісінде қатысуға ниеттілер болмаса, екінші конкурста компания біздің талаптарға сай емес техниканы ұсынды. Сондықтан үшінші рет мемлекеттік сатып алулар конкурсын жариялауға тура келді. Жақын күндері «Tender Generation» ЖШС ноутбуктерді жеткізеді. Осындай олқылық үшін мектеп бітірушілер мен ата-аналарынан кешірім сұраймыз».  

Ал оған дейін студент атанып үлгерген шарбақтылық түлектерге қашықтан алатын жоғары білімді телефон арқылы ғана алуға тура келеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:20
Қазақстан "қызыл" аймаққа енді
Сайт әкімшілігі 13:42
Тоқаев Цойға вакцинаға қатысты тапсырма берді
Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 12:31
"Спутник V"-ны қандай жағдайда сақтықпен қолдану керектігі айтылды
Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 12:20
«100 нақты шара». Nur Otan жастарға қандай қолдау көрсетеді?
Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 10:02
Абайлаңыздар, Алматы қызыл аймаққа енді
Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 09:39
Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың саны артты

Аңдатпа


  • Озат ойдың айбыны
    11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    10:23
  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59