«Алтын белгі» төсбелгісін алу талаптары күшейтілді

Сайт әкімшілігі

10.05.2022, 17:07

752

«Алтын белгі» төсбелгісін алу талаптары айтарлықтай күшейтілді.

«Талаптарды күшейту туралы шешім мұғалімдердің 2021 жылғы тамыз кеңесінде қабылданған болатын. Осылайша, келесі жылдан бастап 9-сыныпты аяқтап, арнайы аттестат және 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша «үздік» деген баға алған оқушылар «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер бола алады», деді БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ талапкерлер НЗМ базасында математикадан емтихан тапсыруы керек. Бұл шара академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін қабылданғанын түсіну маңызды. Бұл ретте НЗМ-де емтихан тапсыратындарға да, жалпы білім беретін мектеп базасында тапсыратындарға да тапсырмалар бірдей болады.

«Былтыр мектеп бітірушілер рекордтық «Алтын белгі» алды. Кейбіреулері ҰБТ нәтижесі бойынша төмен балл алды. Осыған байланысты үміткерлерді үздік белгісіне объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың бірі тәуелсіз білім беру ұйымында өтеді», деп көрсетті министр.

Биыл мектеп бітірушілер емтиханды өз мектебінде тапсырады. Сондай-ақ белгіден бас тарту туралы өтініштер жарамсыз. Талаптарға сай келетін үміткерлер белгіленген тәртіпте қорытынды аттестациядан өтеді.

Айтпақшы, нормалар келесі жылдан бастап күшіне енгенімен, биыл ҰБТ қорытындысы бойынша бұл белгіні берудің объективтілігі бағаланады.

Осыған байланысты мектеп әкімшілігі, білім басқармалары мен бөлімдері қорытынды емтихандарының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір жағдай бойынша ҰБТ нәтижелерінің қорытындыларына талдау жүргізіледі.

Бұйрықтың мәтіні ҚР Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін жарияланады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 12:42
Қазақстандықтардың төлқұжатында жүрген чип не үшін керегі белгілі болды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:44
Алматы облысында екі ауылдың көшелерін су басты
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 15:03
Желтоқсан оқиғасына арналған тағы бір кітап жарық көрді
Бифат ЕЛТАЕВА 20.05.2022, 08:17
Ауыл балаларына мүмкіндіктер көп қарастырылу қажет
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 07:51
«Сен менімен «служить» етпейсің!»
Сайт әкімшілігі 19.05.2022, 15:09
Партияның ауқымды электораты референдумды қолдауы керек – Е.Қошанов

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56