«Алтын домбыра» - Ақжайықта

17.12.2019, 11:35

227

Тәуелсіздік күніне орай Орал қаласында «Тұғыры биік Тəуелсіздік!»атты «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтуде. 

Айтыс барысында «NurOtan» партиясының ұсынысы бойынша Мемлекет басшысының Жарлығымен белгілі ақын,айтыстың үлкен жанашыры Жүрсін Ерман «Парасат» орденімен және дарынды айтыскерАйбек Қалиев «Құрмет» орденімен марапатталды. Екі күнге арналған бұл өнерсайысы «Nur Otan» партиясының қолдауымен, Мәдениет және спорт министрлігі мен БатысҚазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтуде.

Айтыс шымылдығын Батыс Қазақстан облысының әкімі ҒалиЕсқалиев пен «Nur Otan» партиясының хатшысы Ғабидолла Оспанқұлов ашып берді.

«Ақ Жайықтаалғаш өткелі тұрған «Алтын домбыра» ақындар айтысының ашылуымен құттықтаймын.Тарихы мол, табиғаты көркем Ақ Жайыққа қош келдіңіздер. Айтыс — бабалараманаты. Ақындарға шалқар табыс тілеймін», — деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Одан кейін сөз алған «Nur Otan» партиясының хатшысыҒабидолла Оспанқұлов еліміздің жер-жерінде партия қолдауымен өткізіліп жатқанайтыстардың маңызына тоқталды.

«Nur Otan»партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәденимұралар тізіміне енген айтыс өнеріне қолдау көрсетуді тапсырды. Тәуелсіздігімізмәңгі болып, айтыстың тұғыры биіктей берсін»,- деді Ғабидолла Оспанқұлов.

Жыр додасын ақын, Халықаралық айтыс ақындары менжыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман жүргізді.

Айта кетейік, «Nur Otan» қолдауымен соңғы 4 айдың ішіндеАтырау, Қарағанды, Қостанай, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында айтыстар өткенболатын. Тәуелсіздік күніне орай Орал қаласында өтіп жатқан бұл «Алтын домбыра»республикалық ақындар айтысы биылғы жылы «Nur Otan» партиясының қолдауыменелдің өңірлерінде ұйымдастырылған айтыстарды қорытындыламақ.

Партия айтыс өткізуді биылмен ғана шектемей, бұл үрдіскелесі жылы ғұлама ғалым Әбу насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175жылдығына орай өткізілетін аламан айтыстарға ұласпақ.

Осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отырған «Алтындомбыра» айтысына жыл бойы өткен додаларда жеңімпаз болған 20 ақын қатысуда.Олардың қатарында Жандарбек Бұлғақов, Әсем Ережеқызы, Бекзат Асқаров, АрунаКерімбек, Рүстем Қайыртай, Шұғайып Сезімхан, Қанат Мырзахан, Хазірет Бердіхан,Мұхтар Ниязов, Айбек Қалиев Аспанбек Шұғатаев, Шалқарбай Ізбасаров, ДидарҚамиев, Өміржан Көпбосынов, Серік Құсанбаев, Жұлдызай Маратбекқызы, БіржанБайтуов, Жансая Мусина, Талғат Мықи, Бауыржан Ширмединұлы сынды айтыскерлербар.

Фотоны автор ұсынды.




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 12:27
Қазақстан – БҰҰ: мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнама
Сайт әкімшілігі 11:19
ҚазҰУ-дағы жатақхана құрылысының анық-қанығы
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:40
Бекшин мен Қиясовтың қаулысы елді індеттен құтқара ма?
Еңлік АБАҒАН 04.08.2021, 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58