Алтын Орда базардың қожайыны Болат Назарбаев болып шықты

Сайт әкімшілігі

15.02.2022, 15:00

2034

Заңды тұлғалардың сенімділігін тексерумен айналысатын – pk.adata.kz сайтының ақпаратынша, «Алтын орда» базарына иелік ететін «KURYLYS LTD» ЖШС-ны Болат Назарбаев басқарады. 

Сауда және интеграция министрлігі президент тәртіп орнатуды тапсырған «Алтын орда» базары кімге тиесілі екенін айтты.

Үкімет отырысында министрлік ұсынған презентацияға сүйенсек, «Алтын орда» базарының аумағы «KURYLYS LTD» ЖШС-на, ал субаренда «Atyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС-на тиесілі.

Базардың жалпы сауда аумағы – 218 151 шаршы метр.

Тауар айналымы көлемі айына орташа есеппен 147 миллион теңгеге жетеді, ал жүк айналымы – күніне 500 камаздан асады. Базарға күн сайын 8-15 мың сатып алушы барады.

«Алтын орда» базарында 5 050 сауда орны бар, оларды 4 540 адам жалға алған. Аренда ақысы орташа есеппен 42,5 мың теңгені құрайды.

Базар аумағында «Алтын орда» қонақ үйі орналасқан.

Министрлік базар ішкі сауда ережелерінде белгіленген талаптарды сақтамайтынын, көлеңкелі сауда айналымы бар екенін мәлімдеді.

Ведомство базардың жабылуы теріс салдарларға әкеп соғуы мүмкін деп санайды.

Презентацияда көрсетілгендей, Алматы облысында 84 базар, Алматы қаласында 45 базар жұмыс істейді.

Айта кетері, заңды тұлғалардың сенімділігін тексерумен айналысатын – pk.adata.kz сайтының ақпаратынша, «KURYLYS LTD» ЖШС-ны Елбасының інісі Болат Назарбаев басқарады.

Жуырда үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев екі айдың ішінде «Алтын орда» базарын ретке келтіруді тапсырды.

Айтуынша, бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз «майшелпекке» айналған.

Президент Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне үкіметпен бірлесіп, қажет болса бұл жұмысқа құқық қорғау органдарын тартуға кеңес берді.

Тегтер: экономика қаржы қаражат халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01