«Алтын Орданың мұрагері - татарлар»

27.08.2019, 12:16

63

ТатарларАлтын Орда мемлекетінің 750 жылдығын атап өтуді бастап кетті. 2018 жылытатар-ресей ғалымдары аталған датаға орай іс-шараларды жоспарлаған болатын.Татарстанның астанасы Қазан қаласында 2019 жылдың шілде айында ғылыми форум өтті.Ұйымдастырушы Шигабутдин МАРДЖАНИ атындағы тарихи институттың «Алтын орда жәнетатар хандары» зерттеу орталығы. 

Тарихиинститут басшысы Рафаэль ХАКИМОВТЫҢ айтуынша, Жошы Ұлысы жайлы конференцияұйымдастыруды алғаш 1993 жылы татардың атақты тарихшысы Миркасым УСМАНОВ қолғаалыпты. VIхалықаралықАлтын Орда форумы аты айтып тұрғандай Татарстанда дәстүрге айналып келе жатыр.


Даталыфорумда да «Алтын Орданың» мұрагерлері кім деген сауал талқыланды.
Венгрияданкелген профессор Мария ИВАНОВИЧ Алтын Орда мұрагерлері Қырым татарлары депбіледі. Мажарлық ғалым оны Қырым жарты аралындағы тарихи ескерткіштерменбайланыстырып айтқан.
Қырымтатарының тарихшысы Еміл СЕЙДАЛИЕВ еуразияда бой көтерген империяныңмұрагерлері барша түркі халықтары деп есептейтінін айтқан. 
Дәл 750 жыл бұрын – 1269 жылы қазіргі ҚырғызРеспубликасының аумағындағы Талас жерінде құрылтай өтіп, Моңғол империясықұлады. Даңқты Бату ханның інісі Берке хан бастаған төрелердің ықпалымен ЖошыҰлысы өз алдына дербес Алтын Орда мемлекеті болып шыға келді.   
«Алтынорда және татар хандары» зерттеу орталығының басшысы Ильнур МИРГАЛЕЕВТІҢайтуынша, Алтын Орданың халқының дені татарлар болған. 
«Алтын Орданың тілі қазіргі татар тіліне өтеұқсас. Берке хан негізін қалаған мемлекет империя болған. Оған Украина, Ресейжәне Балқан елдері де қараған. Біз үшін бұл дата маңызды. Біздіңмемлекеттілігіміздің тарихы тереңде жатқандығын ұрпаққа жеткізу үшін. Біз жайғана пайда бола салған ел емеспіз. Алтын Орданың мұрагерлері татарлар»,- депсұхбат берген қазандық ғалым Миргалеев sntat.ruинтернет басылымына. 
Қазақстанпрезиденті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 2019 жылдың 24 тамызы күні «Ұлытау — 2019»халықаралық туристік форумында Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту керектігінайтқан. Бұған дейін Қазақстан Қазақ хандығының 550 жылдығын да атап өткен еді.Алайда ол 9 мамыр жеңіс күні сияқты жалпыхалықтың деңгейде өтпей қалды.
Фотолар ғаламтордан алынды.
 
 
 
 
 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:12
Әкімнің бірінші орынбасары сотталып жатыр
Сайт әкімшілігі 13:02
COVID-19: Қазақстанда вакцинациялау 2021 жылы басталады
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 12:13
Қытайдың шірімейтін азық-түлігі ағзамызды ірітіп жүрмесін
Сайт әкімшілігі 09:35
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
Бифат ЕЛТАЕВА 09:24
«Денсаулық министрлігі халықтың денсаулығын емес, дәрі сатуды ойлап отыр»
Айжан БҮРКІТБАЕВА 03.12.2020, 17:08
Импорттың боданынан қашан құтыламыз?

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11