Амалы бар

19.05.2020, 06:54

413


Коронавирустың салдарынан болған карантиннен соң Қытайда ажырасу дерегікөбейіп кеткенінен баршамыз хабардармыз. Қазірде Қытай Үкіметі күніне 10отбасына ғана ажырасуға рұқсат беріп жатқан көрінеді. Өйткені некесін бұзуғаниеттілер саны тым көп. Ал бұл жағдай біздің елімізде көрініс табуы мүмкін бе?

Аз-кем ойланып көрейік. Жалпы, коронавирус пандемиясынан бұрын-ақ, былайшаайтқанда, заман тыныш кездің өзінде біздің елде әсіресе соңғы онжылдықта ажырасудерегінің күрт өскені бар.   Өткен жылыбір жиында «Қазақстан әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президентіГүлнар Байымбетова Қазақстанда әрбір екінші неке ажырасумен аяқталатынын жәнеол отбасылардың 80%-дан астамының ортақ балалары бар екенін айтқан болатын.Сұмдық сан.

Өткен жылдан бері жалғызілікті және көпбалалы әйелдердің әр жерлерде баскөтеріп жатқаны тағы бар. Әрбір әкімдіктің алдын торуылдап, шенді-шекпендігетап беріп жатқан әйелдер де жетерлік. Әйелдердің мұндай әрекетке баруына несебеп? Әлбетте, ең бірінші кезекте – әлеуметтік жағдайдың төмендігі, яғнижоқшылық. Ішінара жағдайы бола тұра ашкөздікке салынып жүргендер кездесетінізаңдылық. Бірақ жаппай халық арасында мұндай көріністің белең алуына шынмәнінде жұртшылықтың басым бөлігінің жағдайының нашалығы себеп болса керек.Мұны неге айтып отырмыз? Біз сөз етіп отырған ажырасу дерегінің де басым бөлігіәлеуметтік жағдайдың төмендігінен орын алатындығын саланың барлық маманы растапотыр.

Ал енді коронавирустың кезінде істеп отырған жұмысынан ажырап бір есеңгірепқалған отбасылар карантин деп бір үйге қамалды. Еркін жүріп-тұруы шектелген,әрі десе қаржылық қиындық туындаған отбасында ыдыс-аяқ сылдырламауы мүмкінемес. Оған қашықтан оқытудың машақатын тағы қосыңыз. Жай күннің өзіндебалалардың жоғын, керегін түгендеу үсінде түгесілетін әйелдер, смартфонныңжоқтығы, интернетке қолжетімсіздік, баланың барлығын өзі оқытуы сындымәселелермен ерінің мазасын алатыны даусыз. Әрбірден кейін ол ер азаматтың датең міндеті. Әншейіндегідей мұндай ұрыс-керіс туындаған жағдайда сыртқа сытылыпшығып «бас сауғалауға» мүмкіндік тағы жоқ. Содан бұрыннан бері басы қылтиыпжүрген даудың одан сайын өршіп, ажырасу туралы шешімге нақты бел буылатынынболжау қиын емес.

Бірақ, біздің елді одан сақтайтын бір ғана үміт бар. Ол – ұлттықпсихология. Ол психология қазақ отбасыларының көпшілігін онсыз да бұрыннансақтап келеді. «Жұрт не дейді?» деген намысқа тырысу мен «Бәрі де өтпелі»,«Алла қаласа бәрі де реттелер», «Бұл күн де артта қалар», «Балалар өскен соңбәрі ұмыт болады» деген сынды үмітке жалғанған жұбатулар.

Отбасы ғана емес, жалпы еліміз болашаққа зор үміт артып өмір сүріп кележатқаны жасырын емес. Бізде бүгінгі күннен гөрі болашаққа деген сеніммен өмірсүру басымырақ. Сақтаса, сол үміт қана сақтайды!

Маржан Рақай,

Тараз қаласы



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17.01.2022, 10:30
ТЖ кезінде 68 жанармай құю станциясы зардап шекті - Алматы әкімдігі
Сайт әкімшілігі 15.01.2022, 22:02
Ө.Шөкеев: «Сайрам ауданының тәжірибесін қолдану керек"
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 09:02
Бір тәулікте 10 мыңнан аса COVID-19 жұқтырған
Сайт әкімшілігі 13.01.2022, 18:02
Алматыда өртенген әкімдік ғимараты тазартылып жатыр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 13.01.2022, 11:17
Қарағандыда жедел жәрдем дәрігерлері Президенттен көмек сұрады.
Сайт әкімшілігі 12.01.2022, 16:06
Алматыдағы бүлік суреттері мен видеоларын қайда жіберу керегі айтылды

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30
  • Эпид ахуал күрделеніп барады. Бас санитардың қаулысы жарияланды
    14.01.2022, 08:39
  • Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
    13.01.2022, 09:08