Ана өлімі және бір жылға созылған тергеу

21.11.2019, 15:31

39

Жақындаредакциямызға Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты Шонжы ауылының тұрғыныБибигүл Мұсаева дәрігерлер қателігінен көз жұмған қызы Динара Мұсаеваның ісінҰйғыр ауданының тергеушілері түрлі себептермен созып жатқандығын айтып хатжолдады.

Бибигүл Мұсаеваныңсөзінше, 1989 жылғы қызы Динара Мұсаева 2-ші баласын босану кезінде комағатүсіп, 9 айдан кейін қайтыс болған. Тәуелсіз медициналық экспертиза қайғылыжағдай дәрігерлердің қателігінен болғанын, Динараның нархозды көп мөлшердебергендіктен оянбағанын және жүрегіне электромассаж жасау кезінде ми клеткаларыныңөліп қалғандығын дәлелдеген.

« Шілде айының 2-і күні толғатып барған қызды олар «сохранениеге»жатқызды. 11-ші шілде де «плановая кесарева» жасайтын болды. Жасамастан бұрынолар менен ақша талап етті. Мен ақша тауып бергенге дейін жасамай жүрді. Отаданкейін дәрігер барлығы жақсы деп, қызымды жансақтау бөліміне алып кіріп кетті. Менүйге қайттым. Бірақ үйге келгенім сол еді, қоңырау шалып, келіңізші деді.Барсам баламның жүрегі тоқтап қалған. Мен барғанша олар тоқтап қалған жүректіэлектромассаж жасау арқылы қайта соқтырған. Содан қызым комаға түсіп, 9 айжаттып қайтыс болды… Қайтыс болғанына жеті ай болды. Істің жүріп жатқанына біржыл болды. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ, іс алға жүрмей жатыр», — деді БибигүлМұсаев.

Істі қарап жатқантергеуші Фархат Ильясов «ЖАС АЛАШ» тілшісінің: «Іс не себепті баяу жүріп жатыр?»,- деген сауалына «дәрігерлер қателігін дәлелдеу оңай шаруа емес» екендігінайтып, бұның алдында дәл осындай тағы бір істің болғандығын, оны әрең дәлелдеп,сотқа жібергендігін жеткізді.

«Дәрігерлер қателігін дәлелдеу оңай дүние емес. Бұныңалдында да бір іс болған, қазір сот болып жатыр. Бір жылда оны әрең дәлелдеп,сотқа жеткіздік. Мына кісі басында біраз уақыт комада жатты. Біраз құжатжоғалып кеткен. Қазір беріп жатқан экспертиза қорытындысы не ары емес, не беріемес. Нақты ешнәрсе беріп жатқан жоқ. Дәрігерлер «біз қолымыздан келгенніңбарлығын істедік, бірақ адам қайтыс болып кетті» дейді. «Біз мына жерденқателік жібердік» деп, айтып жатқан ешкім жоқ. Отаға қатысқан адамдар барлығыдұрыс болған дейді. Олар қай дәрігер, қандай қателік жасағанын (экспертиза қорытындысында – ред)нақтыжазбаған. Барлығы болжам ғана. Қайтыс болғаннан кейін кейбір медициналыққұжаттар жоғалып кеткен. Құжаттар жоғалғаннан кейін, «олардың кінәсі бар» дегенболжамдар ғана айтуда. Осы іс бойынша біз ертең Алматыға шығып бара жатырмыз.Ол кісі осында комаға түсіп қалғаннан кейін, Алматыға алып барған. Сол жердеота жасаған. Біраз жатқаннан кейін, қайтадан біздің ауруханаға алып келген. Солжақта ота жасаған дәрігерлерден сұрау керек. «Қарға қарғаның көзін шұқымайды»,ол жердегі дәрігерлер де айтпайды ғой, «мына жақтың дәрігерлері мынандай,мынандай қателік жасаған» деп», — деді тергеуші.

Ал адвокат РүстемГайтовтың сөзінше, тәуелсіз экспертиза  мидициналық құжаттарда көрсетілген диагноздаршын мәнінде жасалған іс-әрекеттермен сәйкес келмейтіндігін көрсеткен және соныңнегізінде берілген құжаттар бұрмаланған деген қорытынды шығарған.

«Бірінші экспертизада дәрігерлер көп қателік жіберді,бірақ ол кісінің комаға не себептен түскендігін анықтау мүмкін емес деп берді. Кейінбіз бұны тәуелсіз сарапшыларға бердік. Олар медициналық құжаттарда көрсетілгендиагноздар шын мәнінде жасалған іс-әрекеттерге сәйкес келмейтіндігін және соныңнегізінде жазылған құжаттар жалған деп қорытынды шығаруға болады деді. Бірақоны дәлелдеу керек делінген тәуелсіз экспертиза құжатында… Тура осындайжағдаймен бұған дейін осы ауылда Мақсұтова Делмира есімді тағы бір қыз қайтысболған. Оның артында бес баласы қалды. Қазір ол істі сотқа жеткіздік. ДинараМұсаеваға акушер-гинеколог Дүңгешова Гүлнар ота жасаған. Ол кісі тіпті тергеугеешқандай құжаттар бермеген. Мен барып прокурорға арызданғаннан кейін,тергеушлер құжаттарды тәркілеп, сараптама тағайындады. Менің ойымша, бұлар солжерде құжаттарды өзгерткеннен кейін облысқа алып келген. Бұнда қыздың жатырыналған дәрігерлер де медициналық құжаттарды өзгертіп, дәрігер кінәлі болмайтындайэмболия диагнозын қойған. Тәуелсіз сараптама бұл жерде ешқандай эмболия болғанжоқ деп берді бізге. Қазірдің өзінде экспертке эмболия деген сараптама бергеніүшін іс қозғауға болады… Мен барғанда тергеушілер кішкене бірдеңе көрсетеді.Мен кеткен соң отырып алады. Қимылдағылары келмейді. Осы істі орнынан қозғалтаалмай жүрміз», — деді Гайтов.

Фотоны автор ұсынды


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 22:30
Ләззат Құсайынова – ғалымдардың жалақысын заңдастыру қажет
Сайт әкімшілігі 13:25
Нұр-Сұлтандағы жекпе-жек сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Бифат ЕЛТАЕВА 12:14
Балам ақылды болсын десе, әр ана бесік жырын айтуы керек-дефектологтың кеңесі
Сайт әкімшілігі 11:11
Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
Сайт әкімшілігі 09:13
Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 01.12.2020, 18:22
Ерте некенің ертеңі күмәнді

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04