«Ана тілі» – ұлт мақтанышы

25.03.2020, 16:42

5

 Ахмет Байтұрсыновтың «Сөзі жоғалғанжұрттың өзі де жоғалады» деген  аталысөзі әлі күнге маңызын жойған емес және жоймайтыны да анық. Бұл сөз осыдан отызжыл бұрын қазіргіден де  маңызды еді.Өйткені КСРО тараған тұста  біздіңтәуелсіздігіміздің басты белгісінің бірі де бірегейі туған тіліміз болатын. Онысақтап қалу үшін және қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып қалыптасуына  ұлт зиялыларынан бастап, барша тілжанашырлары  атсалысты. Тіпті  дүниеге жаңа басылым да келді. Бұл тұрғыда ҰҒА-ныңкорреспондент-мүшесі, филология ғылымының докторы, профессор ШерубайҚұрманбайұлы былай дейді: «1990 жылдың 22 наурызында – Ұлыстың ұлы күнінде «Анатілі» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Жылмен бірге жеткен жаңа басылымдыжұртшылық жыл құсындай жылы қабылдады. Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде қазақтілінде шығатын газет-журналдардың саны шектеулі еді. Сондықтан ұлттықақпараттық кеңістіктің кеңеюіне үлес болып қосылып жатқан әр басылымды қазаққауымы айрықша ықыласпен қарсы алды, қолдады. Кеңестік кезеңде қазақ тілініңқолданыс аясы барынша шектеліп, өрісі тарылып қалғандықтан, күрмеуі көп тілмәселесін көтеретін арнаулы басылымның жарық көруі тіптен ерекше оқиға болды.Сол кезде ҚазҰУ-дың филология факультетінің 4-курсында оқып жүрген біз де аптасайын «Ана тілі» газетінің әр санын университеттің дәл алдында, Тимирязевкөшесінде орналасқан баспасөз дүңгіршегінен сатып алып, бірімізден кейінбіріміз оқитын едік. Ұстаздарымыз да «Ана тіліндегі» пәленше деген ғалымның,түгенше деген автордың, ана тілші, әдебиетші ағайларыңның мақаласын оқыдыңдарма?» дегенді жиі айтатын, өздері де газетке жазып тұратын. Бұл жаңа газеттіңфилологтар арасында бірден сұранысқа ие болғанын көрсететін жағдай еді».

 «Ана тілінің» тұсауы кесілген күннен бастапұстанымы мықты болды.  Сондықтан даболар, ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетті. Осы басылымды отыз жылбойына басқарған азаматтардың әрқайсысы елге танымал,  нағыз тілжанашырлары болды. Ақпарат айдынында үлкен қиындықтар туып, газет-журналдардыңтағдыры тығырыққа тіреле бастаған тұста бірнеше басылымның басын қосқан «Қазақгазеттері» ЖШС құрылды. Қазіргі таңда серіктестікке қарасты бес газет, бесжурнал шығып келеді. Солардың бірі – 30 жылдығын атап өтіп жатқан «Ана тілі»ұлт газеті.

    Ұлтымыздың ұлы құндылығын сақтауға атсалысып,тіліміздің тегеуріні мықты болуы жолында тер төгіп келе жатқан байыпты дабақытты басылымның ұжымын мерейтойларымен шын жүректен құттықтаймыз!

  Жасалаштықтар

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34