«Аңқау елге арамза молда»

Бекен КӨКІШҰЛЫ

20.05.2021, 12:25

6015

Бұл Қытайдан қалай құтыламыз? Амал, айла, ақыл бар ма?

Қытайдың қазақ жерінен оңайлықпен кете қоймасына халқымыздың көзі жетіп, ойына секем алды.

Қазақстанның байлығын барлық салада талап алып жатқан тек қытайлықтар емес екені елге белгілі. Бірақ байлығымызды көп жылдан бері көбірек асап, тонап, иемденіп алып жатқан – Қытай. Алғаш өте төмен бағамен жекешелендіріп, кейін түпкілікті сатып алды. Қытайдан келіп, қазақтың жерінде жұмыс істеп жатқандармен бірге жүрген біздің қазақтар айына 67 мың теңгеге  жуық айлық алса, қытайлықтар олардан 10 есе жоғары алады. Әрине, бұл үлкен бастығымыздың келісімі бойынша деп түсіндік. Қазақтың жеріне келіп, басшылық жасап жүрген қытайлықтарға үлкен теңдік беріп қойған – экс-президенттің өзі. Басқа бастықсымақтарымыз ондай мәселеге араласа алмасы жасырын емес. Ал қытайлықтар анау-мынау, кішігірім басшылармен ақылдаспақ түгіл, сөйлеспейді де.

Ақтөбедегі «Көкжиде», «Құмсай», «Мартук» сияқты мұнайға бай жерлерімізді 1995 жылдың декабрінен бастап Қытайға беріп қойды. Бұлардың екі ортадағы миллиондаған пайдасын алып жатқан биіктегі билік болмаса, басқаларға не жорық?!

Қытайлар Қазақстан жеріне орман-тоғай өсіріп, жайқалтамыз деп сылтауратып, кеткісі жоқ. Қазақ жерінің орман-тоғайының бұл Қытайға неге керек боп қалғаны түсінікті, әйтеуір, қазақты тонап, Қазақстанға орналасып қалу. Негізгі жоспарлары: 56 завод салып беріп жарылқап, түпкілікті  қалсақ деген ой-пікірімен ұқсастығы бірдей. Олардан келетіндер кілең бойдақ жігіттер, қазақтың үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген жас қыздарына үйленіп, мақсаттары –  Қазақстанды қ  ы  т  а  й  л  а  н  д  ы  р  у.

Дәл бүгінгі күні осылай болып та жатыр. Бастықтар анықтап тексерсе, бәрі анықталады. Бұрынғы Торғай облысының жеріне орман-тоғай жайқалтамыз десек, үкімет қаражат бөлсе болды, өзіміздің Агроуниверситеттің лесфагін бітіріп, жұмыссыз жүрген мамандарымыз ойдағыдай іске асырып береді. Қазақстанға келіп, елімізге, жерімізге түбегейлі орналасуды жоспарлап жүрген қытайлықтарға үкіметтің ақшасын неге беруіміз керек?

Өзіміздің Көкшетау, Алматы облысы, Алматы қаласы, Жамбыл және көптеген облыстарымызда орман-тоғайымыз жайқалып тұрғанына бірнеше ғасыр болды. Қытайды шақырамыз деген депутатсымақтар біліп жүрсін. Бұлар қазақтың жерінде не өсетінін білуден бұрын, халық сайламағандықтан, республиканың елі-жұртымен де таныс емес. Халық оларды танымайды.

Бір мысал: теледидар көріп отырғанымызда бір депутат (атын атамадым) бюджет есебінен пайдаланып жүрген автокөлігіне жақындағанда журналист жүгіріп келіп бір жағдай сұрағысы келіп еді, сөйлесу тұрмақ, амандаспай, артқы есігін ашып отырып, жүріп кетті. Міне, керек болса!

Қытайға жер беру керек дегеннің біреуі – осы адам. Қорыта келе айтпағым, дәл бүгінгі күні Қазақстанда жүрген қытайдың біреуі қалмай еліне кетсін. 56 зауыт керек боп жатса, экономикамыз көтерілгенде өзіміз салып аламыз. «Қытайдан қарыз ақшаны кім, қалай алды, өзі солай төлесін» дейді қазақ халқы. Қытайға, өз адамдарымызға бір гектар түгіл, бір метр жер сатылмасын, жалға берілмесін. Біздегі латифундистер, байлар алып қойған жерлер дереу қайтарылсын. Мемлекет пен жалпы қазақ халқының жерінде ешкімнің жұмысы жоқ.

Аңқаулықты қойып, қазақ жерін көзіміздің қарашығындай сақтайық, кешікпейік!

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02