"Әншілердің ақшасына Балиеваның баласы иелік ету керек пе?"

17.01.2020, 13:34

146

ДепутатЗағипа Балиева мен оның ұлы Қазақстан орындаушылар одағының су жаңа төрағасы, «МузАрт»тобының әншісі Мейрамбек Бесбаевқа қысым көрсетуде. Бұл жөнінде әншінің өзі «Instagram»парақшасында мәлімдеді.

МейрамбекБесбаев жазбасында Зағипа Балиеваға «әншілерге тиесілі ақшаға тек сіздіңбалаңыз иелік ету керек деген ой, сізге қайдан келген?!», — деп сұрақ қояды да,депутат пен оның ұлы әртүрлі мемлекеттік және құзырлы органдарға хабарласып, жаңабасшылыққа қысым көрсетіп жатқандығын айтады.

«Құрметті Зағипа Яхияқызы!
Мен 2020 жылдың 15 қаңтар күні Қазақстан орындаушылародағының басқарма төрағасы боп сайландым. Дауыс беруге ұйымның ең жоғарғыбасқару органы – құрылтайшылардың жалпы жиыны жасақтаған басқарма мүшелерініңбарлығы қатысты. Сайлау өткізуге қажетті кворум болды. Барлық регламент пензаңдылық толықтай сақталды. Хаттама толтырылып, мені бас директор қызметінекірісуім туралы бұйрық та шығып қойды. Енді келіп, бұрынғы басшылық жаңабасшылыққа қарсы қоқаң-лоққы көрсетіп, әртүрлі жағымсыз әрекеттер арқылы қарсылықкөрсетуде. Бұрынғы басшылықтың артында Сіздің ұлыңыз және өзіңіз тұр екенсіз.Сіз заңды түрде сайланған маған, басқарма мүшелеріне қысым көрсетіп, әртүрлімемлекеттік және құқық қорғау органдарына телефон шалып жатыр екенсіз. Мұныңызмүлде дұрыс емес деп білеміз! Неге сіз әншілердің шаруасына араласып, алашапқынбоп жатырсыз?! Біз соны түсінбей отырмыз. Бұл әрекет-қылығыңыз сіздей үлкенмемлекет қайраткеріне жараспайтын шаруа. Әншілерге тиесілі ақшаға тек сіздіңбалаңыз иелік ету керек,деген ой сізге қайдан келген?! Біз өз шаруамызды өзімізшешуіміз керек, өзімізге тиесілі қаражатты өзіміз тиісінше жұмсауымыз қажет.Еңбектен түскен қаражат бір қалтаға, нақтырақ айтқанда сіздің балаңызға емес,мың қалтаға яғни маңдай терімен тауып жүрген әншілер мен ән өндеушілердіңқалтасына түсу керек. Сізден осындай әрекеттеріңізді тоқтатуды талап етеміз!», -делінген Бесбаевжариялаған жазбада.

Мейрамбек Бесбаевқаңтардың 16-ы күні Қазақстан орындаушылар одағының төрағасы болып сайланған. Ол бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шататтан тыс кеңесшісіболып қызмет атқарған.

Зағипа Балиеваотбасы маңындағы дау бұл ғана емес. 2018 жылы оның ұлы Данияр Балиев «авторлыққұқық бұзу» фактісі бойынша «Ксell» ұялы операторын сотқа беріп, жеңіліпқалған.

Коллаж: Жас Алаш.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 13:51
Тәуелсіздік не берді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.04.2021, 15:29
Тұңғыш ғарышкер Тоқтарды неге табандап таптаймыз?
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:43
Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:11
Нұр-Сұлтанда тасжол опырылды: мердігер компания жауапқа тартылады
Еркежан АРЫН 18.04.2021, 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08