Аңшы әкімнің айлығы 700 мың теңге

28.12.2018, 01:00

4

Жыл соңындағы аңшы әкімнің әңгімесі Павлодар облысының әкімі  Болат БАҚАУОВ жергілікті журналисттермен кездесіп емен-жарқын әңгіме өткізді. Саятшылыққа құмар әкім аңшының әңгімесін емес, жұрттың көкейіндегі сауалдарға да жауап берді.50 миллиондық сарай алған әкімге қатаң сөгіс берілдіБолат Бақауов 50 миллион теңгеге салықтың есебінен екі қабатты, 250 метр квадрат бизнес-класс үй сатып алып халықтың наразылығын тудырған Павлодар қаласының әкімі Әнуар КҮМПЕКЕЕВКЕ қатысты өз пікірін білдірді. 2018 жылдың тамыз айында облыс орталығына басшы болып тағайындалған 34 жастағы Әнуар Күмпекеевтің аты хан сарайындай үй сатып алумен шықты. Бір қызығы қатаң сөгіспен ғана құтылыпты.[caption id=«attachment_21968» align=«alignnone» width=«800»]Фото: holanews.kz[/caption]-Әнуар Күмпекеевке бюджет қаражатын тиімсіз жұмсағаны үшін сөгіс жариялағаным рас. Ол оның бірінші, бірақ өрескел қателігі болды. Бірақ, бұл мәселе өзінің дұрыс шешімін тапты деп ойлаймын, — дейді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. Шаһар басшысы БАҚ-ның «жұлдызына» айналып, қоғам тарапынан қатты сыналған соң ақшақан ақ сарайымен амалсыз қимай-қимай қоштасқан. Оны алты бірдей баспанаға ауыстырылып өңірдегі жетім балаларға кілті табысталмақ.  Полиция департаментінің бастығына үй берілдіАймақ басшысының айтуынша, қазына қаражатына алынған өзге қызметтік пәтерлерде өзге облыстардан ауысып келген, яғни жеке меншік баспанасы жоқ мемлекеттік қызметкерлер тұрады екен. Олардың қатарында биыл Керекуге келген екі бірдей сот төрағасы мен Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы — Амантай ӘУБӘКІРОВ, прокурорлар мен облыс әкімінің бірнеше орынбасары бар екен.Бұдан бөлек, баспасөз өкілдерімен кездесу барысында көш-қон мәселесі де көтерілді. Болат Жұмабекұлының айтуынша, бүгінге дейін өңірден 34 мың адам көшіп кеткенімен, 30 мың адам мұнда қоныс аударыпты.-Жұрт тек көрші Ресейге көшіп жатқан жоқ. Астана, Алматы қалаларына да кетіп жатқандар бар.Біздің өңірге қандастарымыз көптеп қоныс аударуда. Оны да ескеру керек. Сондықтан қам жейтіндей еш мәселе жоқ, — дейді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. Сондай-ақ, Болат Жұмабекұлы Жас Алаш тілшісінен жасырып келген еңбекақысын да жария етті. Олай дейтініміз екі ай арнайы журналисттік сауал жолдағанымызбен жауап ала алмаған едік. Сонымен облыс басшысы айына 700 мың теңге алады екен. Шененунік жаңа жылдағы жоспары жайлы да айтып берді. Ешқандай да алыс-жақын шетелге бару ойында жоқ екен. Бақауов 2019 жылды Павлодардағы үйінде отбасымен қарсы алады.Фото автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34