Антикор кәсіпкерлікпен айналысқан шенеуніктерді жауапқа тартты

Сайт әкімшілігі

27.12.2021, 10:16

970

Қарағанды облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңнамалық тыйымға қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысқан лауазымды тұлғаларды анықтады. Бұл туралы «Жас Алашқа»  ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі басшысының орынбасары мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлға ретінде қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұза отырып, кәсіпкерлікпен айналысқан.

Оның атына тіркелген ЖК Теміртау Мәдениет сарайына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жауыртаудағы кездесу» фестивалін өткізу бойынша 3,9 млн теңге сомасына қызмет көрсеткен.

Осыған ұқсас факт Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманына қатысты анықталды.

Оның ЖК мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кең тұтынылатын азық-түлік емес тауарларды жеткізумен айналысқан.

Аталған тұлғалар Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ӘҚБтК-нің 154-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 408 380 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жалпы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы жылдың басынан бері әкімшілік құқық бұзушылық туралы 109 іс қозғап, 31,2 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Әкімшілік жауапкершілікке 100 жеке және 2 заңды тұлға тартылды.

Тегтер: жемқорлық сыбайлас жемқорлық пара мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:51
Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзаруы мүмкін
Сайт әкімшілігі 09:12
«Мектепке жол». Атырауда бірінші сынып оқушысына 10-сынып оқушысының формасы берілген
Сайт әкімшілігі 08:58
"Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 18:21
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 17:42
Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 14:38
Әлемдегі ең қымбат дәріні еккен қазақстандық бала көз жұмды

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49