Антикоррупциялық қызмет бюджетке 775 млн теңгені қайтарды

Сайт әкімшілігі

18.09.2020, 17:42

159

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің профилактикасы департаментінің ерекше маңызды істер жөніндегі офицері Айнагүл Карипова бюджеттің ұтымсыз шығындарымен күрес туралы айтты.

«Профилактика, яғни алдын алу шаралары – барлық құқық қорғау қызметінің негізгі постулаты екені даусыз. Әрбір құқық қорғау органының профилактикадағы маңызы оның заңнамадағы реттеу деңгейімен анықталады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – қылмыстық іс-әрекетті жасауға ықпал еткен жағдайларды жою туралы ұсыныс беру құқығынан басқа бірқатар алдын-алу құралдары бар бірден бір құқық қорғау органы. Олардың шектері мен тізімі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңмен нақты белгіленген», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің онлайн-брифингі барысында Айнагүл Карипова.

Осындай алдын-алу құралдарының бірі – антикоррупциялық мониторинг. Қауіпті аймақ ретінде мемлекеттік сатып алу саласы агенттік қызметкерлерінің күнделікті бақылауына жатады. Бұл ақшаны ысырап етпеу үшін бағалық келісім болып табылады. Бағасы жоғары сатылымдардың барлығы қайта қаралуға жатады.

Мұндағы мақсат – мемлекет басшысының ұқыпты да жауапты жаңа бюджеттік саясатты әзірлеу жөніндегі тапсырмаларын орындау. «Атамекен» ҰКП-ның көмегімен отандық қызметкерлердің қолында «Сатып алудың бірыңғай терезесі» және «Регион ГЗ» аналитикалық жүйелері бар. Жоба басталғалы бері мемлекет шамамен 7,7 миллиард теңгенің ұтымсыз шығындарының алдын алды. Жоспарлау кезеңінде шамамен 1,5 мың тұтынушының бюджетін оңтайландырды.

Агенттіктің жекелеген аумақтық департаменттері тиімсіз жоспарланған қаражатты бюджетке қайтару бойынша жұмыстар жүргізді. Жұмыстарға Шымкент қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамашы болды. Күресті Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысындағы бөлімшелер жалғастырды. Бүгінде Мәслихат шешімдері арқылы бюджетке 755 миллион теңге шамасында қаражат қайтарылды. Бұл белгіленген қалдықтардың жалпы көлемінің 10% құрайды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:45
«Биылдың өзінде 200». Nur Otan үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін қалай шешеді
Сайт әкімшілігі 13:38
Алматының дәрігерлері Бекшин айтқандай "құрылыс костюмін" киіп жүр ме?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:27
Он жылдан бері ауызсуға зәру
Серік ШАЙМАН 08:40
«Алло, Ахметов мырза! Сіз неге үндемейсіз?»
Сайт әкімшілігі 20.04.2021, 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 20.04.2021, 13:51
Тәуелсіздік не берді?

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32