29.09.2020, 06:16
199
Нұр-Сұлтан қаласында «Kazakhstan Security Systems-2020» халықаралық қауіпсіздік және азаматтық қорғау көрмесінің алаңында «Террористік қатынастарға осал нысандардағы террористік қауіп-қатерлерге қарсы тұру» тақырыбында онлайн-республикалық конференция өтті.
Іс-шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер және Энергетика министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ғылыми-сарапшылық қоғамдастық пен іскери ортаның өкілдері қатысты. Конференцияны Қазақстан Республикасының Антитеррорлық орталығының штабы ұйымдастырды.
Спикерлердің баяндамалары неггізінен антитеррорлық қауіпсіздіктің әр түрлі аспектілері, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгерту мәселелері, террористік актілерге осал объектілерді қорғауды ұйымдастырудағы «салалық тәсілді» іске асырудың негізгі бағыттары, сондай-ақ Ұлттық бейне бақылау жүйесін енгізу мәселелеріне бағытталды.
Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңындағы жаңалықтар және «Терроризм кезінде осал объектілер қатарына енгізу ережелері мен критерийлерін бекіту туралы» және «Террористік-осал объектілерді антитеррорлық қорғауды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының жобаларында айқындалған «салалық тәсілді» іске асыру механизмдері де талқыланды.
Ішкі істер министрлігі қауіпсіздік қызметі саласындағы проблемалар мен оларды шешудің ұсынылған тәсілдеріне ерекше тоқталып өтті.
Конференцияда сонымен қатар инфрақұрылымды террористік қауіп-қатерден қорғау, отын-энергетика нысандарының қауіпсіздігі және атом энергиясын пайдалану, профильдеу технологияларын қолдану бойынша халықаралық тәжірибе мәселелері талқыланды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР