Апелляциялық сот: Әлімбековадан 80 мың доллар сұрап отыр

05.04.2019, 04:54

7

Алматы қалалық сотында өткенаппеляциялық соттың шешімі тағы да кейінге шегерілді. Бұған дейін алаяқтықбойынша ұсталып, 6 жылға бас бостандығынан айрылу жазасы кесілген танымалкомпозитор, әнші Гауһар Әлімбекова бұл үкіммен келіспейтінін айтып, сотқааппеляциялық шағым түсірген. Бұған дейін бір мәрте өткен аппеляциялық сотта даәншінің ісі кейінге шегерілген болатын.

Бұл жолғы сототырысына да сотталған Феруза Ордабаева қатысып, бұған дейін берген жауабынантанған жоқ. Әлімбекованың кінәсі жоқ.

Бірақ,Әлімбекованың адвокаты Байжанов:

— Бұл екі түрлі жауап берді, біреуінде сіздердің «ақшаны Әлімбекова әкеліп берді ме?» деген сұрақтарыңызға «жоқ», деді де, бірақ, «кім әкеліп берді?» дегенге «мен оның аты-жөнін айтпаймын», дейді. Соған қарап бізде күмәнді жағдай болып қалды, — деген адвокат сотталған Ордабаевадан тағы да нақтылап сұрап алуды сұрады.

СотталушыӘлімбекованың адвокатының өтінішіне сот қазір «тергеу жүріп жатпағанын, аппеляциялықшағымның шеңберінде тексеру жүргізіліп» жатқанын ескерте келіп, Ордабаеваға сұраққоюға рұқсат берді.

«Мен айттым ғой, Гауһар алып келген жоқ, екіншіден, ментағы да бір адамның сотталып кеткенін қаламаймын, сондықтан айта алмаймын. Оныңол ақшаны нақты Назаровадан алды ма, оның қолынан алды ма, білмеймін мен.Сондықтан, мен оның атын айтудан бас тартам», — деді Ордабаева.

Бұдан кейін жәбірленуші Назарованың адвокаты сөз алып, ол прокуратураның өтініш хатында Әлімбекованы бас бостандығынан айыру жазасынан, бас бостандығынан шектеуге ауыстыруды сұрап отырғанын, өзінің онымен келіспейтінін айтты.

— Мен ойлаймын, бұл жерде ондай уәжге ешқандай негіз жоқ.Себебі, біріншіден сотталған Әлімбекова өз кінәсін мойындаған жоқ, жасағанәрекетіне өкінген жоқ. Мұндай жағдайда Әлімбековаға бас бостандығын шектеужазасын тағайындау ешқандай қисынға сәйкес емес. Бұл жерде біріншіденәлеуметтік әділеттілік қалпына келген жоқ, екіншіден сотталу түзелген жоқ,өйткені, кінәсін мойындап отырған жоқ. Үшіншіден, мұндай құқық бұзушылардыңалдын алу керек. Сондықтан, прокуратураның өтініш хатын қанағаттандырмай,аудандық соттың үкімін заңды күшінде қалдыруды сұраймын, — деді жәбірленушінің адвокаты.

Соттың негізгітетігіне айналған келесі мәселе – Назарова мен Әлімбекованың арасында болғанекеуара әңгіменің стенограммасына қатысты өрбіді. Жәбірленуші тарапстенограммада айтылған сөздерді негізге алып, жәбірленуші тараптың дәлелдемесіретінде қабылдауды сұрады. Бірақ, адвокат Байжанов бұл аудиожазбаның заңсызекенін алға тартты.

— Мұның ішінде Гауһарды кінәлайтын ешқандай дәлелдемежоқ. Өйткені, бұл дәлелдеме заңға қайшы алынған. Яғни, адамның сөзін оданжасырын түрде жазуға болмайды. Сосын, ол қандай жағдайда жазылды, онда монтажбар ма, басқа да сөздер бар ма, соған байланысты бірінші сот бұл аудиожазбанызаңсыз дәлелдеме деп тапқан. Сондықтан, мен мұны заңсыз дәлелдеме дептануыңызды сұраймын», — деді сотталушыныңадвокаты.

Бұл аудиожазбаныӘлімбековаға қарсы пайдалануды Әлімбекова да, Ордабаева да қолдамайтынын айтты.

Жалпы бұл отырыстаГауһар Әлімбекова мүлде сөйлемеді деуге болады. Соттың бірнеше мәрте «қарсылығыңыз,алып-қосарыңыз жоқ па?» деген сұрағына ғана адвокаттарын толық қолдайтынын,аппеляциялық шағымда айтқандарын, бұған дейцінгі сот отырысында айтылғансөздеріне алып-қосары жоқ екенін айтты.

Сот отырысының тураосы жеріне келгенде сот төрағасы аппеляциялық сот процесінің тағы да кейінгеқалатынын айтты. Дегенмен, дәл осы жерде жәбірленуші Назарова сөз сұрап, аппеляциялықшағымдарға қарсы үйден жазып әкелген пікірін түгелдей оқып шықты. Сот та, қарсытарап та бөлмей тыңдады.  

Назарованың айтуынша,ол Әлімбекованың кесірінен қарызға белшесінен батқан. Әлімбековаға үй алу үшіннесие алып берген соң, несиесін төлей алмай қиналған жәбірленуші барлығы 15 ретнесие алыпты. Сондықтан, оның бір ғана талабы бар – ақшаны қайтару. Ал,Ордабаевамен ешқандай таныстығы жоқ, сол себепті ешқандай талап қоя алмайды. Соттасубасталған тұстарда Әлімбековамен араларында болған әңгіменің 25 минуттықаудиожазбасын тергеушіге ұсынған. Ол бұл аудиожазбаның стенограммасынан үзіндіоқып берді.

Назарова тағы бірқызық мәлімет ұсынды: Әлімбекова жәбірленушіге алып берген заңсыз пәтерденайрылып қалғанын жасыру мақсатында айына 100-150 мың теңге көлемінде, барлығы 1млн 75 мың теңге өз қалтасынан төлеп тұрған. Пәтерақы ретінде. Жәбірленуші бұлфактіні Әлімбекованың қылмыстық іске тікелей қатысы бар екенінің дәлелі ретіндеқабылдауды сұрады. Одан бөлек, аудиожазбаны мойындамай отырғанын, Гауһардың сіңілісіГүлнар Әлімбекованың Youtube желісіндегі видеосұхбатын дәлел ретінде ұсынды.

Бірақ, сот төрағасыәлеуметтік желелердегі пікірлер мен сәңілісінің сөзі жазылған видеоны қылмыстықіске дәлелдеме ретінде қабылдаудан бас тартты.

Адвокат Байжановкеше ғана Назарова тарапымен кездескендерін, сол жерде олар 40 мың доллардықазір берсін, тағы 40 мың долларды кейін беретіні туралы қол хат жазып берсіндеген.

— Бұл кісі (Әлімбекова. – ред.) айтты: «10 миллионберейін қазір» деді, ол кісі (Назарова. – ред.) алмаймын деді. Сосын шықтық такеттік. Осыған қарағанда, менде мынадай күмән бар, бұл кісінің мақсаты – қаражаталу емес, Гауһар Әлімбековамен жауласып жүргендей көрінеді, — деді ол.

Бұл отырыстаӘлімбекованың құқығын қорғау үшін қатысқан Абзал Құспан да өз пікірін білдірді.Соның негізгісі, әлеуметтік желілердегі пікірлер мен видеоларды дәлелдемеретінде ұсыну масқара жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертті. Сонымен қатар,заңгер:

— Тағы бір назар аударатын мәселе, іс бойынша 40 мыңдоллар болатын болса, қазір бұл кісілер 80 мың доллар сұрап отыр. Мұны тап-тазабопсалау деп есептеймін, — деді заңгер.

Келесі отырыс10-сәуір күні 15:30-да жалғасатынын айтып, сот төрағасы аппеляциялық сот отырысынтоқтатты.

Еске сала кетейік, 2019жылдың 4 ақпанында Алматының Алмалыаудандықсоты Әлімбекованың адвокатының оны қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын сотүкімі заңды күшіне енгенге дейін қолхатпен босату туралы өтінішін қанағаттандырған.Содан кейін әнші қалалық сотқа аппеляциялық шағым түсірген. Ал, жәбірленушіНазарова мұнымен тоқтамайтынын, қалалық сот істі шешпесе, Жоғарғы сотқашағымданатынын айтады.

Фотоларды автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39