"Ақ халатты жауынгерлер"

Сайт әкімшілігі

17.03.2021, 18:03

917

2020 жылы әдетте ел аузында «ақ халатты абзал жандар» атанып жүрген дәрігерлер «ақ халатты жауынгерлерге» айналып шыға келді. Оларды, бәлкім, «халат киген солдаттар» десек те ақиақттан алыс кетпейтініміз рас. Бірақ бұл солдаттар біреуге қару кезеніп, жер бетіне ажал ұрығын себетін солдаттар сапынан емес, адам жанына арашашы солдаттар болды. Алайда олардың саны да аз, көбі қыз-келіншектер. Бар-жоғы – 300 адам. Оның үстіне аталған сала басшылығының жұмысына жергілікті әкім-қаралардың араласып, ішінара қарсы шығып отыратыны да анықталды.

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне бөлінген қаржыны орта жолда ұстап қалып, өзге мақсатқа жұмсап жіберген немесе көзапара кедергі келтіргендер де табылды. Тіпті вирус жұқтырғандар туралы статистиканы кемітіп көрсетіп, Президент Тоқаевтың сынына ұшырағандар да болды. Сондай «жасырынбақ» ойнының салдарынан былтырғы жазда індеттің беті өршіп кетті. Ал әкімдер болса, қаланың қарбаласқа толы тірлігі қайнап жатыр, аймақтардағы экономикалық өсім қарқынды деген баяғы жалған ақпар таратудан танбады. Шындығында бұндай тұрақтылық кейбір қалаларда ғана байқалды. Мысалы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, әкімнің қимылы ширақ орынбасары Ержан Бабақұмаровтар дер кезінде әрекет жасап үлгерді де, бұл өз кезегінде коронавиурстың Алматы сияқты алып шаһарда ауыздықталуына септігін тигізді. Мегаполистің қалыпты өмірі де арнасын тауып, жалғасып жатты.

Екіншіден, фармацевтикалық компаниялар да өздерін жағымсыз жағынан көрсетіп алды. Фармацевтикалық компаниялар дәрі-дәрмектер мен өзге де медициналық жабдықтарды ішкі нарыққа шығарудың орнына қолдағы барын сыртқа сатты. Сөйтіп пайдаға кенелді. Қайтесіз енді, жабайы бизнестің жолындағылар елді, Отанды қайтсін?.. Міне, осындай сауда-саттықтың салдарынан елімізде дәрі-дәрмектің тапшылығы пайда болды, баға өсті.

Үшіншіден, халық та әлемді жайлаған тәжтажал індетіне жайбарақат қарап, карантин талаптарын қайта-қайта бұзумен болды. Қауіпсіздікті, сақтықты көпшілік елеп-ескере бермеді. Қауіпсіздікті, сақтықты ескерткен ресми тұлғалар немкетті жұрттың тарапынан қарсылыққа ұшырады. Полиция қызметкерлері күтпеген қарсылықтарға тап болды. Сондықтан «2020 жылдың ең ержүрек батырлары болды» деп біз медицина қызметкерлерін ерекше атап айтамыз.

Жер шарының тарихында адамзат баласы үшін алапат қатер төндірген індетпен күрескен «ақ халатты батырлар» ел шауып, жер алып, жаһанға қылыш қайраған жоқ, керісінше дертке шалдыққандарға көмек қолын созды, ажалмен алысты. Бұл ретте біз «2020 жыл бұрынғы құндылықтар жайында терең ойланып, толғануымызды тудырған жыл болды» дейміз. Иә, адамзат қауымдастығы құндылықтарға қайта қарауда. Олай етпеске әддіміз де жоқ, өйткені, әлем жұрты денсаулық саласымен салыстырғанда әскери-өнеркәсіптік кешендерді дамытып, әскери салаға әлдеқайда көп қаржы бөлумен келеді екен.

Деректерге жүгінсек, әлеуметтік сала қызметкерлерінің 80 пайызын әйелдер құрайды. Яғни, біз осы күндері адамзатты қауіп-қатерден құтқару миссиясын армия мен әскери құрлымға жататын полицейлер емес, әйелдер көтеруге бел байлаған уақыттың тар кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл тезис замандастарымыздың дүниетанымдық деңгейінің құлдырауымен қатар сындарлы ойдан тыс өмір сүре бастағанымызды әшкерелесе керек. Бұның ар жағында қоғамдық ойға ықпал етуші блогерлер мен жалпы жазарман қауымның да «отқа май құя» түсетінін ескерсек, қауіптің себебі де салдары да арта түспек. Алайда «ақ халатты ардагерлер» майдан шебінен табан аудармай күресе берді. Ал олардың күні кешеге дейінгі ерлік істері лайықты бағасын алды ма? Жоқ, әрине! Бәрі мақталып, мадақталып жатқанда дәрігерлер қауымы өз істерін үндемей атқарумен келді. Олар қандай да бір әлеуметтік мәртебе талап еткен емес. «Егер біз болмасақ не істер едіңдер?» деп, кеуде қаққандарын да көрген жоқпыз. Олар 9 мамырда жеңіс шеруінде салтанатыпен жүріп өтуді де сұрамапты, еңселі ескерткіштерге қол созбапты. 20 жылға дейін дәрігерлердің тұрмыс тіршілігі, әлеуметтік мәртебесі ешкімнің назарын аудара да қоймапты.

Айтары жоқ, 2020 жылы ардақты да мәртебелі қызмет иесі дәрігер болды. Соған орай бұрын соңды көпке өнеге, жастарға үлгі болып көрмеген Денсаулық сақтау саласының да маңызы артты. Тосыннан келген індетпен күресу үшін сол кездегі министр Біртанов барын салды. Блок бекеттерге барды, ауруханаларды тексерді, науқастармен кездесті. Індет жайлаған ортада жүрді. Ақыры коронавирус өзіне де жұқты.

Біз 20 жылы «ақ халатты абзал жандардың» «ақ халатты қас батырларға» айналғанын көре отырып, олардың іс-әрекеті Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының шешімдеріне орай жүзеге асқанын барынша терең аңғардық. Әйтсе де, аталған ұйымның өзі кейде қаулы-қарарын қайта қарап, тосылған сәттеріне куә болдық. Бұндай қайшылықтардың табиғатын ел іші бек түсініп отырды. Сондықтан коронавирус індетімен медицина қызметкерлерімен бірге көпшілік қауым да, Үкімет мүшелері де білек түре күресті десек болады. Демек, экс-минситр Елжан Біртановты қызметінен босатуда асығыстық танытудың қажеті шамалы еді. Жалғыз адамның жөн табуы қиын заманда оны көппен бірге адасқаны үшін айыпты санамастан бұрын, Мамин Үкіметін тұтас отставкаға жіберген әділ әрі тура шешім болып саналар еді. Сіз қалай ойлайсыз?..

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58