Ақсақалов басқаратын облыс ақсақалдарға толып кетіпті

03.10.2018, 19:20

84

Осы аптада өткен үкімет отырысында еліміздегі денсаулық сақтаудың қазіргі мәселелері мен медициналық көмек көрсету сапасын арттыру жайы қаралды. Бақытжан САҒЫНТАЕВ, премьер-министр: — Әрине, денсаулық сақтау саласында көптеген көрсеткіштер бойынша жетістіктер бар. Сәби өлімі, қан айналысы жүйесінен қайтыс болғандардың азаюы, қатерлі ісік, туберкулез көрсеткіштері төмендеген. Дегенменде 7 айдың қорытындысы бойынша өлім-жітімнің көрсеткіші 1000 адамға шаққанда - 7,35. Бұл бойынша 7 өңірдің көрсеткіші республикалық көрсеткіштен жоғары. Олар: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары. Ана өлімі бойынша тағы да 7 өңірдің көрсеткіші жоғары. Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО, ШҚО және Астана қаласы.Денсаулық сақтау саласы бойынша 7 көрсеткішті орындай алмаған Солтүстік Қазақстан облысында өлім-жітім көбейген. Облыс әкімі Құмар АҚСАҚАЛОВ мұның себебін өңірде қарттардың көбейіп кеткендігінен көреді. — Облыста миграция жоғары болғандықтан тұрғындардың 19 пайызы қарттарды құрайды, – дейді бұл жөнінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов. – Республикада бұл көрсеткіш – 11 пайыз. Осы себептерге байланысты қатерлі ісік бойынша қайтыс болғандардың саны артқан. 1 ана өліміне жол берілді. 50 нәресте шетінеді. – Өлім-жітім қарттарға байланысты көбейіп кетті деп айту, орысша айтқанда «не корректно», – деп ескерту жасады үкімет жетекшісі Б. Сағынтаев. – Қазір қазақстандықтардың өмір сүру жасының ұзақтығын 73-тен асырамыз деп отырмыз. Енді кеп «қарттарымыз көп» деген сылтау жұмысқа деген көзқарастың дұрыс еместігін білдіреді.Шынында Ақсақаловтың «өңірде қарттар көп болғаннан кейін, өлім-жітім, қаза да көп» деген долбары «Сасқан үйрек артымен сүңгидінің» кері болған жоқ па? Бірақ, Солтүстікте жастардың азайып, қарттардың көбейіп бара жатқаны тағы да жасырын емес қой. Әлде Сағынтаевқа салсақ, мұндай деректер үлкен жиындарда айтылмауы тиіс пе еді… Қалай десек те, «Ауруын жасырған өледі» деген, Ақсақалов абайсызда болса да ақиқатты айтып жібергендей...Дегенменде өлім-жітімнің көбеюін қарттарға жауып қоя салып, Ақсақаловтың да арқаны кеңге салуына әсте болмайды. Бәлкім, бар мәселе – медициналық қызметтің сапасы мен кадрдың жетіспеушілігінде шығар? Өйткені үкімет отырысында Құмар Ақсақалов бұл туралы ештеңе айта алмай, бәрін сылап-сипап, әсіресе, осы тұсты алыстан айналып өтті. Соған қарағанда мақтанып айтатын да ештеңесі болмады-ау деймін...Фото: pkzsk.info
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:50
Аурухана лезде толып жатыр – Нұр-Сұлтан дәрігерлері үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді
М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15