АҚШ шіркеуінде исламды уағыздайды

23.10.2019, 15:11

4

Жалпы қазіргі Америка Құрама Штаттарытуралы әңгіме қозғалғанда пікір білдірмей шетте тұратын адам  көрмейсің… Албілдірілген пікірлердің ауқымы Американы идеалдандырудан бастап ортаұстанымдағы байсалды көзқарас пен жақтырмауға дейінгі аралықтағы кең диапазондықұрайтыны айтпаса да түсінікті. Жақтырмаудың бір себебі, еліміздің бір кездегіКеңестер одағындағы Америкамен қырғи-қабақ болған саясатынан бастау алса,оның  екінші себебі, біздің қоғамның көршіміздің ақпараттық кеңістігіндежатқандығымен түсіндіруге болатын шығар. Ал қазіргі Ресейде Америкаға «тілтигізу», жұмсақ айтқанда, адамға көрік беретін «жақсы қасиеттердің» қатарынаенген. Әрине, бұл жерде бір елді мақтап, екіншісін даттау мақсат емес, өйткеніАмериканың сыртқы саясаттағы кейбір ұшқары қадамдары жалғыз орыс елінде ғанаемес, әлем елдерінде тілге тиек болып жүрген мәселе екені анық. Менің мақсатым– саяси тақырыпты қозғамайтындықтан бұл сарындағы әңгімені осы жердентоқтатқаным абзал болар… Тек үлкен елдердің сыртқы саясатында «періштелер» жоқекенін түсінсек болғаны… Тақырып желісі бүгінгі Америкадағы өркениетаралықсұхбат орнату тәжірибесі болғандықтан мұны аталған елде болған жұмыстәжірибеммен байланыстыра қарауды жөн көріп отырмын. Осы орайда, бүгінгідамыған Америка бір мезетте аспаннан аяғы салбырап түсе қалмағанын, ол өзініңқазіргі деңгейіне қоғамдағы нәсілдік, әлеуметтік, экономикалық,мәдени-өркениеттік алшақтықтардан туындаған проблемаларды біртіндеп еңсереотырып қол жеткізгенін айта кету керек. «Қол жеткізді» деп қорытынды шығару даасығыстық болар, өйткені қоғам ішіндегі жоғарыда айтқан алшақтықтар әлі де бар. 


Десек те,  Американың салиқалығы даосында болса керек – бұл елдің азаматтары өз қоғамының ішіндегі сан жылдарданбері келе жатқан мәселелерді ашық айта алады және сол мәселелерді шешуге нақтықадамдар жасай алады. Америка жұрты бүгінде өз тарихындағы осы елдің байырғытұрғындарын қан қақсатқан тұстарын немесе Африкадан құлдыққа әкелінген қаранәсілділерге көрсеткен қорлықтарын жылы жауып, үндемей отырған жоқ. Керісінше,соны ашық көтеріп, ел тарихындағы ақтаңдақтар үшін үндістер менамерикандықтардан кешірім сұрай алады. Ең бастысы, олар бірін-бірі кешіреалады. Бұл да америка қоғамын жақсы жағынан көрсететін жақсы қасиет екені анық.Қазіргі күнде америка қоғамы осы елдегі ислам діні мен мұсылмандарға қатыстымәселелерді өркениетті түрде еңсеруге қадам жасап отыр. 2018 жылғы сәуір-мамырайларында американдық Өркениеттер арасындағы ынтымақтастықпен алмасу қорының(CECF) және оның басшысы Башар Арафаттың шақыруымен Қазақстан мұсылмандары дінибасқармасының бір топ өкілдерімен бірге аталған елде жұмыс сапарымен баруға жолтүскен болатын. Осы сапар барысында Американың солтүстік-шығысындағы (Мэриленд,Делауэр, Нью-Иорк, Вашингтон, Вирджиния штаттарындағы) мұсылмандарқауымдастықтарының жұмыстарымен кеңінен танысуға мүмкіндік алдық. Қор басшысы,тегі сириялық американдық Башар Арафаттың ойға алып, іске асырып отырғанжобалары ислам дінінің және мұсылмандардың Американ қоғамына интеграциялануыменбайланысты өзекті мәселелерді көтеруімен құнды дер едім. Қор басшысыныңайтуынша, егер американдық мұсылмандар дәстүрлі ислам қауымдастықтарына тәнлокальды (шектеулі) түсініктерді еңсеріп (біз ең дұрыспыз, біз тазамыз жәнет.б.)   ислам дінінің басқа діндегі өркениеттермен тату және қатарөмір сүре алатынын көрсете алған жағдайда мұсылмандарға бұл елде кең жол ашылады. Олүшін мемлекет тарапынан  барлық мүмкіндіктер жасалып отыр, сондықтанендігі жүріс мұсылмандардың тікелей өздеріне байланысты. Қор осы бағыттағы өзжұмыстарын Америкадағы христиандық, иудейлік ұйымдармен, оқу орындарымен,мемлекеттік органдармен бірлесе жүргізе отырып, қазіргі күнде ислам діні менмұсылмандарға қатысты қоғамдағы көзқарасты айтарлықтай жақсартуға қол жеткізе алғанекен. Қор басшысы американдық қоғам ішкі дүниесі тұрғысынан христиандыққұндылықтарға үлкен мән беретін қоғам болғандықтан, шіркеу қызметкерлеріменжәне шіркеуге баратын азаматтармен ортақ тіл табысу исламға қатысты көптегентүсінбеушіліктерді еңсеруге және көпқатпарлы америка қоғамында өз өміршеңдігіндәлелдеуге жол ашатын мүмкіндік деп отыр. СECF қоры осы мақсатта әртүрліхристиан шіркеулерінің шақыруымен жексенбілік дұғадан соң шіркеу жамағатынаислам діні мен оның құндылықтары туралы дәрістер оқып, жиналған жұрттыңсұрақтарына жауап береді екен. Меніңше, өзіңді басқаларға таныстырудың тамашажолы. Қор сонымен қатар ислам діні қоғам өмірінде үлкен орын алатын елдерденАмерикаға қоныс аударған мұсылмандармен осы ел туралы қалыптасқан келеңсізстереотиптерді оңды бағытқа өзгерту бойынша  жұмыстар жүргізеді екен.Бұдан шығатын тұжырым – басқа өркениет ортасында «мен, мен» деп төсті ұрабергенше діни және басқа да сеніміңізге құрметпен қарайтын сол қоғаммен бейбітәрі қатар өмір сүре алатыныңды дәлелдеуің керек. Одан басқа жол жоқ. Осы ретте,Америкадағы мұсылман қауымдастықтарының қызметі кешенді сипаттаұйымдастырылғаны тәнті қылады. 

Олардың ғимараттарында мешіт, мектеп,балабақша, жексенбілік мектеп, сауат ашу курстары жұмыс істейді. Мешітжанындағы мектептер мемлекеттің білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды,тек бір ерекшелігі – араб тілі және исламдық мәдениет бойынша қосымша пәндерберіледі. Ал жекелеген мұсылман қауымдастықтары жанында тегін қызмет көрсететінмедициналық клиникалар жұмыс істеп отыр. Ал Америкада тегін медициналық қызметкөрсету қайырымдылықтың ең жоғары шыңы десе болатын болар. Осы орайда, мешітжанында жұмыс істейтін спорт үйірмелерінің, кітапханалар мен медициналықклиниканың есіктері тек мұсылмандар үшін ғана емес, сол округтегі басқа діндіұстанатын барлық тұрғындарға ашық екен. Мұсылман қауымдастықтарының «Ислам –мейірім діні» дейтін сөзді ісімен дәлелдеп отырған осындай қызметтеріамерикандықтардың жүрегіне жол тауып отырғаны анық. Жалпы, Америка үкіметі 2001жылғы 11-қыркүйектен кейін елдегі мұсылмандарға қатысты түсінбеушіліктерді жоюмақсатында елдегі исламдық орталықтармен тығыз, бірлесе жұмыс жасауды жолғақойыпты. Оны осы елде өткен кездесулерде болған мәдени орталықтар мен мешітимамдарының барлығы айтып отыр. Штаттар билігі, полиция департаменттері менбасқа да құрылымдар оларды жиі шақырып, ислам діні туралы дәрістер тыңдайдыекен. Осындай кезде американдық жүйенің туындаған мәселені бірлесе шешуге дегенынтасы мен салиқалығына еріксіз тәнті боласың… Осы орайда Америкадағымешіттердің әрқайсысы дербес екенін және имамдарын мешіт жамағаты өздері сайлапалатынын айта кету керек. Мұны қандай да бір орталықтандырылған құрылымдықабылдамайтын американдық мәдениеттің өзіндік ерекшелігі ретінде қабылдау керекшығар. Мұны осы елге тәндемократияның қанға сіңген құндылығы деуге де болады. Жалпы, бүгінгі Америкадағы мұсылман қауымдастықтары басқа өркениетортасында исламның жалпыадамзаттық құндылықтарын ілгерілете отырып, қоғамнанөзіне лайықты орындарын іздеу үстінде. Адам құқы мен бостандығын басшылыққаалатын америка қоғамы – мұсылмандарды сәтті интеграциялай алатынына жәнемұсылмандардың осы елдің толыққанды азаматтары бола алатындығына еш күмән жоқ.Ең бастысы, бұған екі тараптан да үлкен ынта мен ерік-жігер бар.

Фотоларды автор ұсынды. 



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34