АҚШ-тың экс-президенттері ауған босқындарына көмек көрсету үшін бірікті

Сайт әкімшілігі

15.09.2021, 12:39

441

АҚШ-тың бұрынғы үш президенті — республикашыл Джордж Буш пен демократтар Билл Клинтон мен Барак Обама ауған босқындарына көмек көрсету мақсатында жаңа ұйымға қосылды, — деп хабарлайды «Жас Алаш».

Бұрынғы америкалық көшбасшылар мен олардың әйелі АҚШ әскері шығарылғаннан кейін эвакуацияланған ауғандарға көмектесуге бағытталған Welcome.US коммерциялық емес ұйымдары мен кәсіпорындары құрамында жұмыс істейді. Джордж Буш пен оның әйелі Лора:

— Мыңдаған ауған қауіпсіз әлем үшін бізбен бірге алдыңғы қатарда тұрды, енді олар біздің көмегімізге мұқтаж. Біз Welcome.US компаниясын мақтан тұтамыз және ауған отбасыларына көмектесу үшін жұмыс істейміз, — деп мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, бұл коммерциялық емес бастаманың сайты 14 қыркүйекте іске қосылған. Яғни, «ауғанстандық жаңа көршілеріміздің қоныс аударуы бүкіл елдің қатысуын талап етеді. Сондықтан үш бұрынғы президент пен үш бұрынғы бірінші ханым бізге көшбасшы ретінде қосылды» делінген Welcome.US сайтында.

Хиллари Клинтон, Лора Буш, Мишель Обама құрметті төраға болған.

Сонымен қатар, кеңес 280-нен аса жеке тұлғамен ұйымның, соның ішінде Microsoft корпорациясы, Starbucks Corp., CVS Health Corp сияқты АҚШ компанияларының қолдауына ие. 

Бұған дейін БҰҰ-ға мүше елдер Ауғанстанға гуманитарлық көмек үшін 1 миллиард доллардан аса қаражат бөлуге уәде бергені хабарланған болатын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:16
«Astana Media Week – 2021» биыл жаңашылдыққа толы болмақ
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 12:00
Маминге "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық саябақтарын дамыту тұжырымдасы таныстырылды
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 11:09
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 09:51
Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 09:30
49 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39