«Ақша болғанда Назарбаевтың суретін алып тастаймыз»

03.09.2019, 07:22

67

Алматы облысы үшінэкс-президент әлі де жоғарғы бас қолбасшы сияқты көрінеді. Талдықорғандағықорғаныс істері жөніндегі департаментінде кеудесі орден менмедальдарға толы, генерал формасындағы экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ суреті тұр.

Департаментбасшылығы Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ суретін алып тастау туралы өтінішті Қорғанысминистрілігіне жолдағандарын айтады. Қазір ескі жазу мен суретті ауыстыруға бөлінетінқаражатты күтіп отыр екен.

«Қорғаныс министрлігінен қаражат күтіп отырмыз. Қаражатбөлінсе қазіргі суретті алып тастаймыз. Жалпы, бұл мәселе Қорғанысминистрлігінің құзыретінде. Бізде ондай жағдайларға қарастырылған қаражат жоқ.Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ екенін бәріміз білеміз. ОлКонституцияда көрсетілген», — дейді Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегідепартамент басшысының орынбасары Сейілжан БЕКМҰРАТОВ.


Осыған дейін «Жас АЛАШ»Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Назарбаевтыңсуреті ілінген билборд туралы жазған болатын.Аталған билбордта «ҚР президенті Н.Назарбаев» деп жазылған. Ал, Қызылордаоблыстық Ішкі саясат басқармасының жетекшісі «біз ғимараттардың ішінде тұрғансуреттерге жауап бермейміз» деп қысқа қайырған-ды. Бірақ, аздаған уақыттанкейін билбортды алып тастады. Алматы облысы қайтеді екен?

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 25.11.2020, 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42