"Ақшаны ала бермей жолды тазалаңыздар"- жолаушының үндеуі "ҚазАвтоЖолды" оятты (видео)

Сайт әкімшілігі

20.11.2020, 12:03

1947

Бірер күн бұрын Нұр-Сұлтаннан Павлодарға ақылы жолмен бет алған жүк көлігінің жүргізушісі видео түсіріп, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ға үндеу жолдаған болатын. 

Видеода жүк көлігінің жүргізушісі ақылы жолға не үшін ақы төлейтінін түсінбейді, егер оның сапасы жағынан тегін жолдардан ешқандай айырмасы болмаса.

"ҚазАвтоЖол", айтыңызшы, біз не үшін ақша төлеп жүрміз? Қараңызшы, қандай бассыздық? Реагенттер жоқ, ең құрымағанда, құмға тұз араластырып сеппейсіздер ме? Біз жүк көлігімен жүреміз, онша қорқыншыты емес, ал жеңіл көліктер ше? Бір тайып кетсе, бітті ғой мынада. Ақшаны алып жата бермей, тұрыңыздар, тазалаңыздар мына жолды, әне қараңызшы, жол жиегі қалай қатып жатыр, — дейді ер адам видеода.

Мұны әлеуметтік  желідегілер де қолдай кетті. 

Осы видеоға қатысты "ҚазАвтожол" кешірім сұрады.

Қазірде жоғарыда аталған жол учаскесін жөндеуші «Ақмола құрылыс материалдары» ЖШС мердігер компаниясы автокөлік грейдерімен жолдарды қардан тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.  

Тегтер: ақылы жол сапа құрылыс жауапкершілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан Арын 14:30
Ұлттық құқықты дамытатын кезең келді
Сайт әкімшілігі 11:45
Алматы әкімдігі ұлттық құндылығымызды неге қорлап отыр?! (видео)
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 11:01
Ұялы телефонға тәуелді ұрпақ
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:06
Алты ай іздеуде болған әйелдің денесі табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.04.2021, 16:45
Ашаршылық кезінде ашылған балалар үйі неге жермен-жексен?
Еркежан АРЫН 22.04.2021, 15:50
COVID-19: емдеуде халықаралық тәжірибе алмасу – маңызды қағида

Аңдатпа


  • Жасымнан жол сілтеген шамшырағым
    09:03
  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25